Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АҚЫН АУЫЛЫНДАҒЫ ТОЙ

АҚЫН АУЫЛЫНДАҒЫ ТОЙ


Ақиық ақын Асқар ауылында тұрғындар ертелетіп әз-Наурыз мерекесі аталып өтілетін орталық алаңға асықты. Мұнда бір киіз үй, бір палатка тігіліп, алаң сахнасы мерекеге сай безендірілген. Мерекелік көңіл-күйдегі жұртшылық бір-бірімен құшақ айқастырып, бір-біріне жақсы тілектерін арнап жатты.
Мерекеде ауыл ардагерлері Д.Сұлтанов, П.Әлиакбарұлы, ауыл әкімі Ғ.Алданазаров, шаруашылық директоры М.Есжанов құттықтау тілектерін білдірді. Мерекенің өн бойында әсем ән шырқалып, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Ұлыстың Ұлы күнінің өз дәрежесінде өтуіне ауылдағы барлық мекемелер белсенді атсалысты. Шаруашылық директоры М.Есжанов 2017 жылғы егіннің нәтижесі бойынша 10-12 адамға қосымша еңбекақысын салтанатты жағдайда табыс етті. Осы орайда биыл озаттар саны 50-60 құрайтынын атап өткен орынды болмақ. Олар миллиондаған қосымша ақы алып, еңбектерінің зейнетін көруде.
Шаруашылық пен ауыл әкімдігі ұйымдастырған шарада ұлттық ойындар да жақсы көрініс тапты. Әз-Наурызда аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дархан Қалымбетов жерлестерін мерекемен құттықтап, «Қазақ баласы» әнін орындады. Сондай-ақ мектеп директоры Қ.Омаров Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында қазақша күрестен өткен республикалық біріншілікте күміс жүлдені еншілеген мектеп шәкірті Ерсұлтан Қошқаровты марапаттады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
27 наурыз 2018 ж. 1 637 0