Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Облыстық айтыста бас жүлдені кім жеңіп алды?

Облыстық айтыста бас жүлдені кім жеңіп алды?

Кеше аудандық мәдениет үйінде айтыскер-ақын, өтірік айтыс жанрының майталманы Замаддин Ибадуллаевтың 80 жылдығына орай аудан әкімдігінің қолдауымен «Заңғар ақын – Замаддин» тақырыбында өткізілген облыстық ақындар айтысында бас жүлдені сырдариялық Ерасыл Бәйментай жеңіп алды. Ол қармақшылық Тұрар Бекмырзаевпен айтысты.
Әділ қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен жас ақын Ерасыл Бәйментай Замаддин Ибадуллаев осыдан 20 жыл бұрын анасының бетін ашқанын тілге тиек етіп, ақ батасын бергенін жеткізді. Араға көп уақыт салмай өзінің дүниеге келгенін, туғанынан ақын болып жаратылғанын айтты.

«ТТ-ақпарат
20 қазан 2019 ж. 1 039 0