Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ АЙТЫСКЕР-АҚЫН НҰРМАТ МАНСҰРОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ АЙТЫСКЕР-АҚЫН НҰРМАТ МАНСҰРОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ


Сырдария ауданының тумасы, айтыскер-ақын, "Серпер" жастар сыйлығының иегері Нұрмат Мансұров республикалық айтыстың бас жүлдесін жеңіп алды.
Жерлестер мақтанышына айналған ақын Нұрмат Мансұров мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойы аясында өткен айтысқа Сырдария ауданының атынан қатысып, бақ сынаған болатын.
Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Ұлт келбетін ұлықтаған тұлғалар» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысына Қостанай, Алматы, Қызылорда облыстарынан және Орал, Тараз, Астана, Шымкент қалаларынан 12 айтыскер қатысты.
Ақындар айтысын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.
Айтысқа жырау, домбырашы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастаған қазылар алқасы төрелік жасады.
Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға Дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сырдария ауданының намысын қорғап, аудан мерейін асқақтатқан ақынды аудан әкімдігі мен аудан халқы атынан мерейлі жеңісімен құттықтаймыз.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
21 қазан 2018 ж. 2 417 0