Заңғар ақынға "Сырдария ауданының құрметті азаматы" атағы берілді
Кеше аудандық мәдениет үйінде айтыскер-ақын, өтірік айтыс жанрының майталманы Замаддин Ибадуллаевтың 80 жылдығына орай аудан әкімдігінің қолдауымен «Заңғар ақын – Замаддин» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өткізілген болатын.
Айтыс басталмас бұрын аудан әкімі Руслан Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов «Алтын дән» мерекесімен тұспа-тұс келген ақынның 80 жылдық мерей тойымен құттықтап, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағының төсбелгісін тағып, иығына шапан жауып, қаржылай сыйлық берді. Сонымен қатар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова айтыскер-ақын Замаддин Ибадуллаевқа облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың құттықтауын табыстады.
Марапаттау рәсімінен кейін облыстық ақындар айтысы басталды. Онда 5 жұп бақ сынап, жеңімпазды анықтады.
"ТТ"-ақпарат