Бұл мамандық – менің мақтанышым

Менің мамандығым – кітапханашы. Бұл мамандықты таңдауда ата-анамның қолдауы көп болды. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не оқуға түсіп, еліміздегі бас кітапхана – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананда іс-тәжірибеден өттім. Ол жерден көп нәрсе үйрендім. Сол білім-білігімді өзім оқыған қара шаңыраққа келіп көрсетуді, тәжірибемді шыңдауды мақсат еттім. Соған орай мектепке жұмысқа тұрып, кітапханашылық қызметке кірістім. Бұл мамандық – менің мақтанышым. Бұл жолда маған білім берген ұстаздарыма алғысым шексіз.
Әсел РАХМЕТОЛЛА,
А.Тоқмағамбетов атындағы №135 орта мектеп кітапханашысы
А.Тоқмағамбетов атындағы №135 орта мектеп кітапханашысы