Орындалған арман
Ол үшін өндірілетін өнімнің сапасын арттыру, уақытты үнемдеу қажеттігі туындайды. Сондықтан елімізде ІТ мамандарын көптеп даярлауға Елбасы басты назар аударды. Елімізде цифрлық технологияларды енгізу мен жастарды соған қарай бейімдеу міндеті тұр. Демек, бұл мен секілді жастарға берілген зор сенім деп қабылдаймын. Сондықтан университет қабырғасында жүріп, оқуыма, білім алуыма зор мүмкіндік берген Елбасына іс басындағы барша азаматтарға алғыс білдіре отырып, жоғары білімді, өз ісінің нағыз білгірі болуға жасаған қадамым сәтті болатынына сенемін. Себебі қазіргі өмір – білімді жастардың өмірі.
Әр адамның өміріндегі ең жауапты кезең мамандық таңдау. Данагөй бабаларымыз «адамдық атыңа кір келтірме», «жер беті» дейтін алып сарайдың берік қабырғасына болашақта артыңнан із қалдырарлық кірпіш қалап, өз қолтаңбаңды қалдыру әркімнің ар маны болар, сірә?! Сондай үлкен арманға мен де жетсем деймін. Бір білерім адам өмірде тек қолы жетпес дүниені армандайды екен, бірақ ол белестерді оқу, еңбек арқылы бағындыруға болады. Менің арманым да адал еңбек иесі білікті журналист болу. Қалаған мамандығына түсу барлық адамның өміріндегі маңызды нәрсе. Ол үшін тынбай еңбек етіп, қаймықпай алға жүру шарт. Кішкентай кезімнен жүрегімде ұялаған, ал қазір болашағыма қарай қадамым жақындаған сайын қайта-қайта гүлдеп, қауыз жарған арманым бар. Ол — журналист болу. Бұл мамандықтың жолы қиын екенін білсем де, жүрегімдегі бір тылсым күш сол жолға қарай тартады да тұрады. Себебі ол менің сәби көңіліммен қалаған пәк арма ным, мақсатым. Қанша қиын болса да сол жолмен жүргім келеді. «Халық пен халықты, адам мен адамды біріктіретін білім» деген екен атақты жазушы Әуезов. Осы сөзімен нағыз журналистиканы сипаттап тұрғандай. Яғни, журналист – елдегі, әлемдегі болып жатқан түрлі жаңалықтарды халыққа дер кезінде жеткізуші. Журналистердің жұмысы ауыр, еңбегі ерен болады, олар әркез шығармашылық үстінде жүреді. Халыққа ұтымды мәлімет жинау үшін жер-жерді ара лап, алдында кездескен қиындықтарды жеңу үшін ағысқа қарсы жүзеді. Міне, осындай қиындығы мен қиыншылығы қатар жүретін өте жауапты мамандық екенін білсем де, мақсатымнан бас тартпадым, керісінше алға қарай ұмтылдым. 11 сыныпта мамандыққа деген қызығушылығым арта түсті. Көптеген мақалалар жазып, ойымды өріске жіберіп, қанатымды құлаштай қақтым. Осылайша, табандылығымның арқасында Алла қолдап Алматы қаласындағы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің грант иегері атандым. Менің арман қала Алматыға келіп білім алуым мектептегі ағай-апайларымның арқасында. Осы сәтті пайдаланып мектеп директоры Есназар Бағдат ағайға және әдебиетке құштарлығымды оятқан Тұрсынбаева Асыл зат апайға алғысымды айтқым келеді. №137 мектеп ұжымындағы барлық ұстаздарыма және сынып жетекшім Аманова Ақбота апайға телегей табыс тілеймін.
Аяжан Қайратқызы,
№ 137 орта мектеп түлегі,
С.Сейфуллин ауылы
№ 137 орта мектеп түлегі,
С.Сейфуллин ауылы
Пікір 1