Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОҒЫЗ АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТОҒЫЗ АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Сырдария аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында 2018 жылғы он айдың қорытындысына және сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған маңызды басқосу болып өтті.
Онда басқарма басшысы М.Абдыхалықов 2018 жылғы  тоғыз айдың көрсеткіштері бойынша басқарма облыста алдыңғы орында тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты өткізіліп отырғандығын, Елбасы Жолдауында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету аясын электронды форматқа көшіру негізінен жүзеге асырылып отырғанын жеткізді.
Жиын барысында "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов, аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жөнінідегі орынбасары полиция подполковнигі Д.Әбілқасымов Елбасы Жолдауынан туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде айтты.
Жиын соңында оған қатысушылар өзара пікір алысты.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
21 қараша 2018 ж. 523 0