ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бұрнағы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер арасындағы әдеп нормаларының сақталуы және мемлекеттік қызмет саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде Қоғамдық кеңес отырысына қатысып, жиналыс өткізді.
Жиналысты аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Лекеров ашып, жүргізіп отырды.
Қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, мектеп директорлары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшылары Ғалымжан Ілкібаев пен Еркебұлан Сарымбетов баяндама жасады.
Департамент қызметкерлері мемлекеттік мекмелерде жүргізілген тексеріс нәтижелері және саладағы өзгерістер туралы баяндады.
Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласының ардагері, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Ұлмекен Жаналиева, аудан әкімінің кеңесшісі Балшекер Өтегенова сөз сөйледі.
Қоғамдық кеңес отырысы барысында жиынға қатысушылар департамент мамандарына сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптар алды.
Жиналыс соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Лекеров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарына алғыс айтып, жұмыстарына жеміс тіледі.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы