Қашанда құрмет төрінде

Шараны сала басшылары Ж.Ембергенов, С.Еламанов, Б.Асылбеков ашып, айтулы күндегі басқосуда жиналған әрбір ардагерді мерекемен құттықтады. Филиалдың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға адал қызмет көрсеткені үшін «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры А.Қайруллаевтың мерекелік құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын табыстады.
Талай жыл өз саласында табанды еңбек еткен ардагерлердің өз қолтаңбасы бар. Қашанда құрмет төрінен табылатын ардақты жандар халықпен тығыз байланыс орнатып, үнемі көпшілікке ерекше қызмет ете білді. Әрқашан халық ықыласына бөленіп, ризашылығын алған ардагерлердің өткен өмірі көпке үлгі. Ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолын жас мамандар жалғастырып, абырой биігінен көрінуде. Олардың қатарында Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінде қызмет атқарған А.Ақназарқызы, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі саласында қызмет атқарған Қ.Әбілқайырқызы, А.Елтайқызы, Р.Қуанышқызы, А. Болғанбайқызы, «Тіркеу және жер кадастры бойынша» бөлімінде еңбек еткен Ұ.Елеусінқызы бар. Өз кезегінде сала мамандары әннен шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Б.ОРДАБЕКОВ