Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТҰРҒЫНДАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

ТҰРҒЫНДАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ


«1 наурыз – Алғыс айту күні» «Аза­маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі қызметкерлері көпшілікті мерекемен құттықтап, қызмет алу­шыларға алғысын білдірді.
Атаулы күні бөлімге келген тұрғындар қыз­меткерлер тарапынан ерекше ықыласты көріп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Олар халыққа ал­ғыс айту күнінің мән-маңызын атап өтіп, ерекше ілтипат көрсетті.
– Бұл дүниеде ұмытылмайтын дүниелер болады, ол біреуден алған алғысың. Осыдан басқаның барлығы ойдан өшіріледі. Біз қазақ елі тек алғыс алған елміз. Мемлекетімізде көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың қазақ халқына деген ризашылығы шексіз деп білеміз. Осы алғыс арқылы қазір біз үлкен жетістіктер­­­­ге жетіп жатырмыз, – деген бөлім басшысының орынбасары Салтанат Бекжүнісова көп­шілікке көктемнің алғашқы күніндегі мерекелік құттықтауын жеткізді. Тиісін­ше, бөлімге келушілер де мұндай ілтипатқа риза болып, өз алғыстарын айтты.

Е.БЕРКІНБАЕВ
03 наурыз 2018 ж. 1 558 0