2 сағаттан кейін нәрестенің туу туралы куәлігін алды

Құжатты тапсырған бөлім басшысы жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаны түсіндіріп өтті.
Жалпы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ымен бірге 2017 жылдың 28 желтоқсанынан бастап бала өмірге келгенде көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алуға ұсыныс жасалады. Электрондық үкімет порталы барлық мәліметті түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Соның арқасында ата-ана құжатты алу үшін әуре-сарсаңға салынбайды.
Айбол есімді сәби – Айнұрдың үшінші перзенті. Оның алдындағы екі баланың туу туралы куәлігін композиттік қызмет бойынша алған. Ал бүгін құжатты тіптен жылдам қолына ұстады. 14.30-да өмірге ұл әкелген ана небәрі 2 сағаттан кейін нәрестесінің туу туралы куәлігін алғанына қуанышты. Жас ана дайын құжатты табыстаған ХҚКО қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Сондай-ақ, жаңа туылған сәби бір мезетте SMS хабарлама арқылы балабақша кезегіне қойылып, жас ана бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау қызметін алды.
Е.БЕРКІНБАЕВ
Пікір 1