Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас

Жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас

2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қар­сы стратегиясы» қабылданды. Осы стратегияда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қа­лып­тастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дамыған елдерде сыбайластыққа қарсы саясатты іске асыру барысында жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Қазір оның барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені олар жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда осындай қылмысқа тап болып қалады. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы мақалалар жариялануда. Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өткізілуде. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады.
Жалпы, елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асырылып келеді. Оның көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызмет-тердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «біртерезе» қағидаты енгізілді. Жоғарыда айтқандай, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» – осыған қарсы саясаттың негізі. Стратегия­да жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың қатысуымен жүргізілуі қажеттігі айтылған. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда ғана оған қарсы төтеп бере аламыз. Сондай-ақ стратегияда сыбайластыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналу керек. Оған қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұрпақпен жұмыс істеу қажет. Адамды бала кезінен қазақстандық патриотизм және жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеп өсіру керек. Адал ұрпақ тәрбиелеу – ба­я­н­­­­ды болашақтың кепілі.
Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, оның кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда оның деңгейін төмендету.
Қазақстан Республикасының Президнеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі кун тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс» делінген. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Сайып келгенде, мұның барлығы парақорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізу жолы екені анық.

А.Хабиева,
аудандық қазынашылық
басқармасы басшысының орынбасары
24 қыркүйек 2019 ж. 835 0