Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес – азаматтық борыш

Сыбайластықпен күрес – азаматтық борыш


Жақында Сырдария аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Р.Сүлейменова, аудандық МКҚБ-ның полиция қызметкері Б.Әлдібайұлы және сот қызметкерлері қатысты.
Семинарда бас маман Б.Бисенбай өз баяндамасында 18 қараша 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударды.
Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығын айтты.
Кеңсе меңгерушісі Р.Сүлейменова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, оның біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамда төзбестік қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда екендігін түсіндіріп өтті.
Семинар жұмысын қорытындылаған кеңсе меңгерушісі Р.Сүлейменова қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керектігін қатаң тапсырды.

Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының
баспасөз хатшысы
29 қыркүйек 2018 ж. 1 177 0