Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықпен тығыз байланыс

Халықпен тығыз байланыс

Халық. Қоғам. Заң. Үш жақты байланыс. Қоғамды құрайтын халықтың Заң алдындағы борышы айтарлықтай зор. Белгіленген шеңберден тыс қарекет ету арқылы адам түрлі жағдайларға тап болады. Құқықтық теорияның кейбір элементтері қарапайым халық игілігі үшін жұмыс жасауға мүдделі. Бір-бірімен қабысқан қоғам өміріндегі сан ал­уан мәселе бағыты сәт сайын өзгеріп отырады. Қазіргі таңда сот жүйесінде елеулі өзгерістер орын алып, халық алдындағы негізгі міндетті айқындау барысы қолға алынуда. Заң аясында шешілетін мәселенің жүгін көтеру сот саласындағы қызмет түрлеріне байланысты. Қай кезде де жұртшылықпен оңтайлы қарым-қатынас орнату бір жолға қойылғанда олардың талап-тілегін қанағаттандыру жеңілдейді. Жақында аудандық «Достық» үйінде сот саласының жүйелі жұмысын кеңінен талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел басында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Абдулла сот жүйесін жаңғыртуға қадам басқан жаңа жобалар жайлы айтты. Халық арасында сот беделін арттыра отырып, құқықтық сауаттылықты жетілдіру жолы басты орынға қойылатынын айтқан аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы сот жүйесіндегі «жеті түйін» бағдарламасының негізгі талаптарына тоқталды. Қай кезде де заң нормаларын сақтау арқылы ұтымды шешім қабылдау маңызды. Сонымен қатар қарапайым халыққа заң тілі түсінікті, ұғынықты болуы керек. Осыған байланыс­ты сот саласының қызметіне жүгінген әрбір тұлғаға тиімді сервистік мүмкіндік қарастырылған.
Арнайы жобалардың жемісін көру арқылы екі тараптың мәселесін дер кезінде шешу қатаң тәртіпті талап етеді. Осы орайда судьялардың біліктілігін арттырып, құқықтық сауаттылығын жетілдіруге ықпал жасау қажет. Азаматтардың жеке мәселесімен қабылдау кезінде олар термин сөздер мен құқықтық заңдылықтарды қарапайым түрде түсіндірн білуі тиіс. Сондай-ақ әрбір сот қызметкерлеріне арыздың түптамырына үңіліп, дұрыс бағытын анықтау міндеті қойылған.
Сот саласында түрлі бағыттағы жобаның мүмкіндігі мол. Атап айтқанда отбасылық сот, Билер кеңесі, медиация, түнгі сот секілді жобалардың арқасында сан мыңдаған адам әділдікке қол жеткізуде. Бұлардың негізгі міндеттеріне тоқталған А.Абдулла азаматтардың шағымы бойынша ең алдымен зерттеу жұмысы жүргізілетінін жеткізді. Әрбір арыздың артында адам тағдыры екі тараптың уәжін жан-жақты тыңдау арқылы судья заң шеңберінде шешім шығаруға мүдделі. Осы ретте айта кететін жайт, заманауи технологияның мүмкіндігін қарастырған сот саласы азаматтарға сот залына келмей-ақ, процеске қатысуға мүмкіндік жасада.
Кездесуде құқықтық тұрғыдан өзіндік позицияны қалыптастыруды көздейтін сот саласы әлеуметтік мәселе төңірегінде арыздар көптеп түсетінін жеткізді. Атап айтқанда, тұрмыстық жанжалдан туындайтын мәселелер. Бұл ретте аталған мәселеге байланысты кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың жұмысы маңызды рөлге ие. Олар тарапты татуластыру арқылы сот жұмысын жеңілдетеді. Халыққа жақындай түскен сот саласының қызметкерлері Заң аясында ұтымды, әрі жылдам қызмет жасауға бейімделуде. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін еркін меңгерген олар уақыт тиімділігіне жұмыс жасайды.
Өз кезегінде кейбір маңызды мәселені тарқатып айтқан аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Абдулла көпшілікті бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Бірқатар азаматтар сот саласының шеңберін кеңейтуге байланысты ойларын ортаға салды. Қатысушалар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар жауап берді.

Б.ОРДАБЕКОВ
24 қыркүйек 2019 ж. 252 0