Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АРХИВ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ

АРХИВ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ


Жақында аудандық архивте Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласын талқылау мақсатында «Архив – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге сала жұмысына жауапты мамандар қатысты.
Дөңгелек үстелді аудандық архив басшысы Ғ.Құлымбай ашып, Елбасының мақаласындағы «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау арқылы ата тарихымызды зерделеу мақсатында жүзеге асатын тың жұмысты тілге тиек етті. Алдағы айқын мақсат ұлт тарихының бірнеше ғасыр бойы жинақталған мол мұрасын бір арнаға топтастыру болып табылады. Сондайақ, болашақта қазақтың нағыз болмысын айшықтайтын рухани байлығымызды қайта жаңғырту заман талабы. Өйткені, өскелең ұрпақ санасына зерделі білім мен өшпес ізгілікті сіңірген жағдайда келешегіміз кемелдене түседі. Осы ретте сала мамандары мен қатысушылар ұлттық архив қорын құжаттармен толықтырып, халық игілігіне пайдалану керектігін және өткенді бүгінмен байланыстыру арқылы сан алуан зерттелмеген құнды жәдігерімізді ұлттық қорға жинақтау қажеттігін айты. Бұдан бөлек дөңгелек үстелге қатысушлар өзара пікір алмасып, Елбасының мақаласында айтылған тапсырмалардың келешек ұрпаққа берері мол екенін атап өтті.
Б.ҚАРАМАНТЕГІ
15 желтоқсан 2018 ж. 1 330 0