Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДАУЛАРДЫ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ

ДАУЛАРДЫ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ

Аудандық соттың ұйымдастыруымен «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының Сырдария аудандық филиалында «Дауларды соттан тыс реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға аудандық сот төрағасы А.Абдулла, аудан прокуроры Е.Алмазұлы, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Е.Әбдікеров, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдықалықов, аудандық әділет басқармасының бастығы Н.Дайрабаев, жеке кәсіпкерлер қатысты.
Дөңгелек үстелді Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдрахман Абдулла ашты. Сот төрағасы шараға қатысушылардың назарын азаматтық-құқықтық дауды шешу жолдарын, оны сотқа дейін медиацияны қолдану арқылы бітімге келу тетіктерін қалыптастыруды, дауларды соттан тыс шешуге бейімдеу қажеттілігіне аударды. Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен азаматтардың дау-жанжалдарды соттан тыс реттеулерінің пайдалы тұстары жайлы айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушы кәсіпкерлер өз тараптарынан сауалдар қойды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
12 наурыз 2019 ж. 980 0