Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЕКІ АЙЛЫҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЕКІ АЙЛЫҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан әкімінің №90-ө өкіміне сәйкес үстіміздегі жылдың 9 наурызы мен 11 мамыры аралығы санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы ретінде белгіленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді.

Көктем айларында елді мекендерде көшеттер отырғызуға жаңадан 1130 шаршы метр жер учаскесін ашу және 24150 дана түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен бірге, 99,1 шақырым арықтарды тазалау, 0,8 метр жерге жаңа аяқ су жолдарын қазу және 0,82 шақырым қоршау орнату жүргізілетін болады.

Бүгінгі күнге дейін елді мекендерде 6 сенбілік ұйымдастырылып, оған 128 мекемеден 10 000 мыңға жуық адам қатысып, барлығы 30 дана түрлі техникалар тартылды. 71,3 шақырым арықтар тазартылып, 0,2 метр жерге жаңадан аяқ су жүйесі ашылды. Барлығы 354 текше метр күл-қоқыс шығарылды.

Аталған мақсатқа жергілікті бюджет есебінен 62,339 млн.теңге бөлінген. Сенбілік барысы аудан әкімінің тікелей қадағалауында және кент және ауылдық округі әкімдіктері, дербес бөлім басшылары «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшалары арқылы ақпараттандыруда.

Айта кету керек, аудан бойынша санитарлық-тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
01 мамыр 2019 ж. 1 144 0