СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА
Аудан әкімінің өкімімен «2018 жылдың 8 қыркүйек пен 10 қараша аралығы ауданның елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы» болып жарияланды. Осыған орай апта сайын сенбіліктер өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін елді мекендерде екі сенбілік ұйымдастырылып, оған 133 мекемеден 2520 адам қатысып барлығы 18 дана түрлі техникалар жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 10, 15 шақырым арықтар тазартылып, 82 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Оның ішінде Тереңөзек кентінде екі сенбілік ұйымдастырылып оған 52 мекемеден 592 адам қатысып 4 шақырым арықтар тазартылып, 25 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Сенбілікке аудан тұрғындарымен қатар, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысты.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ
Пікір 1