Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сенім үдесінен шыққан ұжым

Сенім үдесінен шыққан ұжым

Қоғам мен биліктің арасын жалғайтын көпір, шындық пен ақпараттың қайнар көзі саналатын журналистика – ең маңызды әлеуметтік институттың бірі. Аудандық газетке басшылық қызметке келген уақытта жергілікті халықтың сенім үдесінен шығу мақсатында ұжыммен бірге бірлесіп жұмыс жасадық. Тағылымның ордасы, берекенің бастауы болған аудандық газеттің ұстаханасында талай жас тәрбиеленіп шықты.

Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер жур­налис­тиканың форматын түбегейлі өзгерт­ті. Ақпаратты халық жедел қабыл­дайды. Дегенмен, басылым бетіне жарық көрген құндылығы жоғары әрбір мақаланың оқырманға ой салары анық. Журналистика – жай ғана кәсіп емес, бұл – миссия, қоғам алдындағы адал борыш десек, сол үдеден аудандық басылым ұжымы шығып келе жатқанына сенеміз.

Сырдария ауданының тағылымы мол тарихында ау­дандық газет ре­дак­циясының өзін­дік ор­ны, мәртебелі төрі бар екені белгілі. «Сталин жолы», «Еңбек майданы», «Сыр­дария», «Еңбек туы», «Тереңөзек ты­нысы» және «Тір­шілік тынысы» болып атауы бір­неше рет өзгерген басылым талай тарихи белестерді артқа тастап, бүгінде өзіндік оқыр­манын қалыптастырды. Айтулы тұл­ғалардың қаламының ізі қалған газет жергілікті ақын-жазушылар мен қа­лам­герлердің құтх­анасы ретінде киелі қарашаңыраққа айналды. Өзім де еңбек жолымның ең сәулелі де шуақты сәттері өткен газет редакциясына тағ­зым етіп, өздеріңізбен бір­лесе ат­қа­рып, бірге ба­ғындырған белесімді әр­кез мақтаныш етемін. Сіздердің ақпарат тарату мен мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы еңбектеріңіздің жоғары бағалаймын. Осы ретте Президентіміздің сенімді саяси тірегіне айналған «AMANAT» партия­сының да жұмысын, жобаларын халыққа жеткізіп, ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқандарыңыз үшін шексіз риза­шылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтінімізге сенемін.

Аружан Мұханбетқали бас­қа­ратын газет ұжымына, тілшілер қауымына кәсіби мерекеде шы­ғармашылық сәттілік пен өрлеу тілеймін! Қалам­дарыңыздан қуат, жүз­деріңізден шуақ кетпесін!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
газеттің 2019-2024 жылдардағы бас редакторы, «AMANAT» партиясының
Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

28 маусым 2025 ж. 363 0