Әдетте тарихи ескерткіштер мен ежелгі қалалардың орны елді мекеннен әрі кетсе он шақты шақырым қашықтықта орналасады. Аудан аумағында орналасқан осындай тарихи орындар өткеннен сыр шертеді....
Сонау 50-ші жылдары, театрда істеп жүргенде бұл идеясын сол кездегі Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы І.Омаровқа айтады. Ал бұл жобаны жүзеге асыру сәті кейінірек, 60-шы жылдардың соңына қарай туғанда Құлахмет Қожықов қоюшы-суретші ретінде алғашқы жұмыстарына кірісіп кетеді....
Заманалар көшінде тарих дөңгелегі өз бетінше, стихиялы түрде алға жылжымайтыны, оған белгілі бір үлкен тұлғалар әсер ететіні айдан анық. Тіптен бір адамның өзі ескі қоғамның түп орнымен күйреп, жаңасының орнауына мұрындық болатынына адамзат басынан кешкен тарихи жайттар куә. Қазақ халқы жаттың табанында...
Талдырмаш келген қараторы қыз он сегіз жасында колхоз жұмысына араласты. Масақ терді, қырман күзетті, егін екті. Ол кезде қазіргідей самсаған техника жоқ. Бәрі қолымен атқарылатын. Еңбек десе жанып түсетін Күләнданы колхоз басшылары нан атасы – бидай егуге тартып, баулыды. «Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды»...
Қазір бұрынғы «Қызылдихан» колхозы болған іргелі шаруашылық тарихында егіннен рекодттық көрсеткішке жетіп, мерейі үстем болған 3 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Бүгін елдің мақтанышына айналған тұлғалардың ішіндегі егінжай ері Дүйсенбай Керейтбаевқа тоқталмақпыз....
Қазақтың бас ақыны, ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының тұңғыш кітабы хәкім дүниеден өткеннен кейін ғана жарық көрген еді. Биыл, ұлы тұлғаның елдік мұрат, ұлттық зор құндылыққа айналып кеткен шығармаларының кітап болып басылғанына тура 110 жыл толып отыр. Абай ақынның шығармаларының жүйеленіп, жариялануы – ұлт...
Менің әкем Байменов Әбдіхалық қазіргі Сырдария ауданы көлемінде Байзақ болысында 1898 жылы дүниеге келген. Алғашқыда әкесі Бәймен ахуннан сауат танып, оқуын Троицк қаласындағы «Расулия» медресесінде жалғастырады. 1918 жылы сол қаладағы жаңа әдіспен бала оқытатын бір жылдық мұғалімдер курсын бітірген....
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл. Қан майданда көптеген қаһарман батырларымыз ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Сол зұлмат соғыстың бел ортасында менің атам – Бекмағанбет Күзембаев та болған. Майдангер атам жаумен соғыста ерлік көрсетіп, бізге бейбіт өмірді сыйлады....
Сұм соғыста ел үшін жауынгерлер жан аямай бастарын қатерге тікті. Қан майданда қайсарлығымен жауға қарсы тұрған боздақтардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Жау екпінін басып, басқыншылық ұрыс-қимылдарына төтеп берген олар жеңісті күнді жақындатты. Жер жаһанды жаулауды көздеген неміс басқыншылары адамзат...