Ауданға қарасты Жетікөл ең шағын ауыл болғанымен, тұрмысы түзеліп, түтіні түзу ұшқан елді мекен саналады. Бұл ауылдың құрылуы сонау екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Сол кезеңде елді мекенде №10 еңбекпен түзеу колониясы орналасып, 1947 жылдың күзінде үй салынып, құрылыс...
Кезінде қазақ даласына ислам дінін таратып, бойына әулиелік дарыған кісілерге молда, мақсұм, ахун, ишан деп дәреже берген. Оны тарқатар болсақ, қырық молданың қасиеті бір мақсұмда бар. Ал қырық мақсұмның ілімі бір ахунның бойынан табылған. Қырық ахунның білімі, қасиеті бір ишанда болыпты. Одан асса руға,...
Кенесары ханның патшалық экспансияға қарсы күрескен жорықтарын көпшілік жақсы біледі. Мүрдесі қырғыз жерінде деп, басы өзі күрескен патшалық елдің бір қуысында деп тарихты топшылайтынымыз белгілі. Осы күресті жолға жан аямай дем берген бір тұлға Хан Кененің туған қарындасы Бопай ханша....
Ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетовтің қазақ әдебиетінде әрқашан шоқтығы биік. Сатиралық поэзияның негізін қалаушы қазақ руханиятының дамуына, қазақ поэзиясының кемелденуіне өзіндік үлес қосқаны белгілі. Ерекше дарынымен танылған дара тұлға проза жанрында да қалам тербеп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі саналды....
Жалпақ жұрт жаман тұмаудан жасқанып қамалып отырғанда, облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейі онлайн мүмкіндігін пайдаланып, есте жоқ ескі заманның кейінгіге қалдырған сыбағасынан сыр тарқатты. Көзайым болғандар қаншама. Әншейінде біле бермейді екенбіз, ата мұрасы тым қомақты екен ғой....
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңына орай ұзақ жылдар еңбектеніп, соғыстың алғашқы жылдары КСРО Қорғаныс Комитетінің дерективасымен Қазақстанның батыс облыстарынан жасақталған қазақтың 101-інші ұлттық дербес атқыштар бригадасының құрылу тарихы мен жауынгерлердің, командирлердің саяси жетекшілердің ерліктері...
Арыстан баба Тұран даласына келгенде оны ешкім танымапты. Киімі тозып, алба-жұлбасы шыққан еді. Темір етігі теңгедей, темір аяғы тебендей болыпты. Түрінен шошып, ел-жұрт үйіне қондыруға қорқады екен. Көп қайыршының бірі деп ойлапты. Арыстан баба Ұлы Даланы аралап, талай шаһарды шарлапты. Көбіне далада қонады...
Қалжан ахун бір жылдары ауылдастарына өкпелеп, Үргеніш жаққа көшіп кетеді. Екі-үш жылдай артынан іздеп барғандарға қайта қоймапты. Орталарынан дін басшылары кетіп қалғанына сасқан ауылдастары осы жайды елдің игі жақсылары бас қосқан бір жиында сөз етіп, «оны ертіп келетін адам табылар ма екен?» деген ой...