Тарихы терең, тұрмысы түзелген
Ауданға қарасты Жетікөл ең шағын ауыл болғанымен, тұрмысы түзеліп, түтіні түзу ұшқан елді мекен саналады. Бұл ауылдың құрылуы сонау екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Сол кезеңде елді мекенде №10 еңбекпен түзеу колониясы орналасып, 1947 жылдың күзінде үй салынып, құрылыс басталған. Ал 10 жылдан кейін бұл маң облыстық атқару комитетінің саяжайы базасындағы мал өсіру және бордақылау совхозы болып құрылған. Кезінде Айдарлы, Аманкелді ауылдарының құрамында болған шағын ауыл 2005 жылы ауылдық округ болып қайта құрылған.
Ауылдың Жетікөл аталуына байланысты әр түрлі пікір қалыптасқан. Бір парасы – бұрын жеті көл орналасқан, Сырдарияның арнасы өзгеріп, бір-екі көл ғана қалған десе, екінші бірі «Жетікөл жарма» арнасына қатысты айтылады. «Жетікөл Жарма» арнасы қазіргі таңда Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық ауылдарына баратын каналдардың сағасы болып табылады. Өзінің бастауын Сырдария өзенінен алады. Жетікөл ауылы осы «Жетікөл Жарма» арнасына ең жақын жатқан ауыл болып саналатындықтан «Жетікөл» атануына қатысы бар дейді елді мекен тұрғындары.
Аудан төңірегінде қасиет қоған кісілер, діни тұлғалар көп десек, Жетікөл ауылы тарихында да небір данагөй адамдар, шебер ұсталар өткен. Мәселен, Исақожа Меккеге үш рет қажылыққа барса, Әлшіораз Қарнақта, Бұқарада, Меккеде діни білім алып, «қари» атанған. Бұдан бөлек ауылда арнайы білім алмаса да Асан, Бұрхан, Ибагүл деген елге танымал сынықшылар болса, Күліш деген кісі тіс ауруын емдейтін алымды жан болған. Алтынбек, Сақтағандар бірі қобыз жасаса, екіншісі мәсі тіккен. Темірге жан мен әр берудің хас шебері Иманғалиды жұртшылық жақсы таниды.
Жалпы, Жетікөл ауылы қасиетті жер саналатын Асанас, Жетізауыт, Ақтөбе, Жыңғылдыкөл, Қызылқұм, Көктөбе, Жалғызжал, Қырықбайтақ, Қайырсуат, Қараоймен шектесіп жатыр. Осылардың ішінде Ақтөбе қорғаны – небір тарихи оқиғалар куәсі. Олай дейтініміз, кезіндегі жаугершілік кезеңде мұндай қорған-бекіністің маңызы зор болған. Аталған жер Жетікөл ауылының оңтүстік-батысында орналасқан.
Монғол шапқыншылығы кезінде Сыр бойы қалаларының қорғанысында Ақтөбе қорған-бекінісінің өзіндік орны болғаны турасында орыс шығыстанушысы П.Л.Лерх өз еңбектерінде жазған.
– Бұл жер үлкен төбе болып үйілген. Өздеріңіз білетіндей, кезінде шапқыншылықта жаудың жақындағаны туралы хабар беруге осындай қорған-бекіністерді тұрғызған. Сыр бойында мұндай бекіністер мен асарлар көптеп кездеседі. Соның бірі осы ауылымыздың тұсында орналасқан, – дейді ауылдың шежірешісіне айналған Жарылқасын Камалов.
Шалғайда орналасса да Жетікөл ауылы бүгінде аудан орталығындағы ілкімді істердің жүзеге асуына өз үлестерін қосып, өзге елді мекендер секілді күннен-күнге келбеті келісіп, шаруасы ширап келеді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ