Жәнібек батырдың түсі
Абылай хан Қара қалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді:
- Абылай мен екеуіміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық.
Мен жекпе -жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан шығарайын. Абылай да өзіне қараған қазақтан бір сырттан шығарсын. Менің кісім Абылайдың кісісін өлтіріп кетсе, малдан, жаннан Абылай безіп шықсын.
Біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің кісімді өлтіріп қойса, біз шығалық. Абылай олжа қылсын! Уағда осы болсын!- депті.
Абылай хан:
-Жарайды, болса болсын!- депті.
Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен. Жолбарыстың құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және жерге бір -ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен.
Абылайда үйтіп сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойынша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді. Жәнібектің шешесі Абылайға тапсырып айтқан екен:
- Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға таптым. Ағаштың сырттан жауһарлысын үш жыл тарап зорға таптым. Адам сырттанын мырза Құдай бір күн төсекте жатқан түсімде берді. Осы жолы алып барып, ненің сырттаны болса да, айқастыр!- деп.
- Ертең қалмақтың сырттанымен сен шығасың!- деп оған айтып қойды дейді.
Сол түні Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып: ,,Ханға айтып кетейін!"- деп, жетіп келсе.
Жәнібектің түсінен шошып оянғанын хан да түсінде көріп ,,Маған келмей кетпес -ау,, -деп басын көтеріп тосып отыр екен. Таң қылаң беріп, ондағы -мындағы көрінерлік мезгіл екен.
- Батыр, жай ерте келдің бе? Бір нәрседен қысталып жүрсің бе немене?- дейді.
- Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққаннан ,,Осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін,, -деп, қайтуға ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін- дейді.
Хан сонда атшысын шақырып:,
- Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атымды есіктің алдына алып кел!- дейді.
Атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:
- Жай қолыңды!- дейді.
Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде:
- Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа! А, Құдай, осының түсін мен қалай жорысам, сен солай қабыл ет!- деп жирен атты ,,Түс садақасы,, -деп айтып, жалма- жан сойдырып, таратып жібереді.
- Айт батыр енді түсіңді!- дейді.
- Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе- жекке пәленше деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа- шұрт болып қалғанда мені ол найзамен шаншып түсірді.
Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда: ,,Енді бауыздап тастайды -ау,, -деп, кеудеме көз салсам, қарасам, оң емшегімде бір айдаһар жылан , сол емшегімде бір айдаһар жылан еміп жатыр екен.
Шошып, ояна келсем, түсім екен. ,, -дейді.
- Түсің түс -ақ екен, мұнан жақсы түс бола ма? Түсіңде сені ол шаншып түсірсе, өңіңде сен оны шаншып түсіреді екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрсе, өңіңде сен оның кеудесіне мінеді екенсің.
Түсіңде сенің тамағыңа ол қылыш даярлаған болса, өңіңде сен оған қылыш даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан- өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен, өзі асқан айдаһар ер болады екен, батыр атанады екен.
Сол емшегіңді емген айдаһар, өзіңнен бір қыз туып, онан туған жиен де айдаһардай ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен.
Осынша өсіп -өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің, бар, жекпе- жекке кіре бер! Жүсіп пайғамбардың түсі болсын да, Жақып пайғамбардың жоруы болсын!- дейді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің үрейі қашып кетті, жүрегі тасып кетті, қайрат- қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп:
- Жекпе- жек! Жекпе -жек! -деп айғайлап шыға шапты -дейді.
Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғы тәлтіректеп, найзасын қалай толғарын білмей, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағынан қылышты тигізер тигізбестен шалқасынан түсірді дейді.
- Тоқта! - дейді. - Түнде сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім- ау, табанымның астына салып едім -ау.
Сенің түс жорушың мықты жорығандықтан, менің түс жорушым ретін тауып айта алмағандықтан, сен жеңіп кеттің- ау- дейді.
Сонда Жәнібек басын кесуге қимады. Қолынан ұстап жетектеп Абылай ханға алып келді. Өзі өскен -өнген жан екен, он бір ауыл екен.
Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақтарды тұттай жалаңаш қалдырып, олжа қылып қайтыпты дейді. Жан болса, осындай болсын.
Абылай хан:
Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен. Жолбарыстың құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және жерге бір -ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен.
Сол түні Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып: ,,Ханға айтып кетейін!"- деп, жетіп келсе.
- Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққаннан ,,Осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін,, -деп, қайтуға ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін- дейді.
- Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атымды есіктің алдына алып кел!- дейді.
Атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:
- Жай қолыңды!- дейді.
- Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа! А, Құдай, осының түсін мен қалай жорысам, сен солай қабыл ет!- деп жирен атты ,,Түс садақасы,, -деп айтып, жалма- жан сойдырып, таратып жібереді.
- Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе- жекке пәленше деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа- шұрт болып қалғанда мені ол найзамен шаншып түсірді.
- Түсің түс -ақ екен, мұнан жақсы түс бола ма? Түсіңде сені ол шаншып түсірсе, өңіңде сен оны шаншып түсіреді екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрсе, өңіңде сен оның кеудесіне мінеді екенсің.
Раушан Жакешбай,
Ғаламтор көзінен алынды
Ғаламтор көзінен алынды