Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рихард Зорге кім?

Рихард Зорге кім?

Өткен тарихымызды зерделеп тереңірек зерттеген адамдардар қазіргідей бақытты, ауқатты, бейбіт өмірдің барлық уақытта бола бермегенін көріп біліп отырады. Олар жөнінде кезінде де, кейін де талай тарих айтылып та, жазылып та жүр. Тым әріге бармай-ақ кешегі өткен ғасырдағы екі ашаршылық күштеп ұжымдастыру, конфескация, халық жауы зобалаңның зардаптары, жайылмай жатып екінші дүние жүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының басталуы. Осы кезге  дейін халықтың   көз алдында. Бұлардың  бәрі де  ешқашанда ұмытылмайды. Екі-үш жылдан бері Ұлы Отан соғысы тарихының шежіресін кітап етіп жазу барысында көптеген тарихи материалдарды жинап, зерттеп пайдаландым.
 «Жол қуған қазынаға жолығады» дегендей, материалдарды жинастыру барысында 1969 жылы  шыққан  М.Колесниковтың  «Рихард Зорге осындай еді» -деген кітабы қолыма тиіп 1934-1944 жылдардың арасында Совет елінің мүдделерін қорғаған Рихард Зоргенің антифашистік ұйымы әрекет еткен тұтас он жылдың ішінде  жағдайлармен толық таныстым.
Кітапта автор документалды материалдар негізінде осы ұйымның Жапониядағы барлаушылық қызметінің шиеленіскен іс-әрекетін көрсетеді, ержүрек адамның мұнтаздай кіршіксіз коммунистік, отанымыздың патриоты Р.Зоргенің бейнесін жасайды. Бұл еңбек автормен бірге журналистермен аудармашылардың, архив қызметкерлерінің тұтас бір коллективінің  еңбегінің нәтижесі деуге болады. Р.Зорге 1895 жылы Сабунчи поселкесінде / 4 октябрьде / туады. Әкесі Адольдь Зорге неміс, шешесі Нина Семеновка орыс. Осы арада гинетика ғылымының қосылатын ерлі-зайыптылардың рулық, ұлттық  негізі өте қашық болса –олардан болымды, ақылды ұлы адамдар шығуы мүмкін деген теориялық қорытындының да дұрыстығын айқын аңғаруға болады. Р.Зорге алты жасында реалдық училищеге түсіп оқиды, өте алғыр, зерек, қайсар, өр мінезді, тәртіп бұзғыш, қиын-қияқы оқушы болып өсті, оның есесіне тарихты, әдебиетті, қоғам тануды, философияны терең білетіндігіне оқытушыларды таң қалдырды. Зорге 18 жасында үйінен қашып шығып, майдандағы армияға ерікті болып қатысып, Бельгиямен арадағы соғыста үш рет жаралы болып, алты ай госпитальда жатып емделіп жазылады. 1919 жылы ол Германия компартиясына кіріп, оның басшыларының бірі Эрнаст Тельманмен танысады. Сол уақыттан бастап ол мамандығын - интеллигент биімділігін партия қызметі,
Белімді бекем байладым
Мәңгілік шарлап кетуге,
ЖиҺанкезге керек емес тыныштық деп жазды.
Осы уақыттан бастап, ол маман революционер ретінде қалыптаса бастайды. Ол Гамбург коммунистік газетінің кеңесшісі болып, өздігінен білім алатын үйірмеге басшылық етеді, насихатшылық жұмыс жүргізеді, социалистік, студенттік  ұйым құрады. Университетті бітірген соң 24 жастағы Зорге студенттер мен профессор оқытушыларға  толы үлкен залда ол мемлекеттік праволық ғылымдармен социологияның докторы ғылыми атағы мен дәрежесін қорғайды.
Бұл оның өміріндегі ұмытылмайтын бақытты күндерінің бірі еді. Осыдан кейін оны қызметтес жолдастары доктор Зорге деп те атап кеткен көрінеді.
Рихардтың  бойында  журналистикаға деген құштарлық өте күшті еді. Ол әртүрлі тақырыптарда газет беттерін саяси мақалаларға толтырып, оның әрқайсысын әртүрлі басқа фамилиялармен жариялап отырды. 1924 жылы Германия компартиясының  IX сьезіне совет одағынан келген делегаттарды партия бюросы Зоргенің пәтеріне орналастырып, оларға қызмет көрсетуді тапсырады олардың ішінде Мануильский, Лезовский, Кусенин, Пятницкийлер болды.
Совет одағынан барған делегаттар Зоргеге Москваға баруды онда еркін өмір сүріп,теориялық зерттеулер жүргізіп, Германия қозғалысының жұмысшы тәжірбиелерін жинақтап, қорытуға мол мүмкіндік барын айтады. 1924 жылғы декабрьдың аяғында ол Москваға жүріп кетті. Мұнда келіп орналасып Совет одағаның азаматы деген паспорт алады. 1925 жылы мартта ВКПСБ, Хамовническ аудандық комитеті Зоргені Совет Одағы коммунистік партиясына қабылдайды. Ол партия билетін алып тұрып, жұртқа білдірмей оны сүйеді. Егер қажет болса, менің жаным сен үшін пида партия, Отан - деген жалынды сөзді айтып салады. Ол Люкс қонақ үйіндегі ж/д бөлмеге орналасады. Марксизм-Ленизм институтында референт, саяси және ғалым секретарь болып қызмет жасайды ол кешке қарай неміс коммунистерінің клубында басқарманың бірінші референтелі болады. Ол екі жылдың ішінде журналдарға 17 елеулі зерттеулер бастырып, қол қояды.Бұл да күрестің бір түрі еді дегенмен Зорге өзінің осы қызметтеріне кеуілі толмай дұшпандармен бетпе-бет келіп, совет мемлекетіне қол жұмсағысы келгендермен тікелей ашық шайқасқа шығуға ұмтылды.
Зорге өзінің осы ойларын клубқа жиі келетін жаңа досы Ян Карпович Берзинге айтып ойласады. Берзин Зоргенің ойымен келіседі. Осы кездегі халықаралық жағдайларда шиеленісіп, дүнежүзілік экономикалық дағдарыстан шығар жолды импералистік елдер совет одағына соғыс ашудан іздемек болады. Германияның билеуші таптары өкімет билігін Гитлерге беруге бағыт ұстайды. Ал Гитлер үшін соғыс дегеніміз бой жаздыратын самал жел –мұндай саясатты жапон генералы Танакада қолдайды, ол қиыр шығыста үстемдік етудің жоспарын жасап, қытай мен одақтасып оны да совет өкіметінде қарсы пайдалану ниетінде болады. Осы кездегі Қытайдағы Нанкин өкіметінің армиясын басқарып отырған Чан Кай-Ши де Совет Одағының қас жауы болды.
Совет Одағы өзінің Қиыр Шығыс шекараларының қауіпсіздігі туралы да шаралар жасау керек болды.
Я.К.Берзин Р.Зонтер Жаңа Германия имперализмі деген Жапонияда басылып шыққан кітапшаны Зоргеге береді. Ол бірнеше рет Берзинмен әңгімелкеннен кейін Зорге мені Қытайға әскери барлаушы етіп жіберініз деп тілек білдіреді. Зоргенің алдында Солтүстік шығыс, Онтүстік Қытайдың, Харбиннің, Мукуен, Шанхайдың, Кантонның территориясында әрекет жасай алатын барлау ұйымын құру қойылады. Бұл жұмыстағы оның көмекшілірі радист Макс Клаузен ұлты неміс документтерінде неміс коммерсанты болып саналды. Зоргенің екінші бір өз қызметіне пайдаланған адамы Жапонияның «Осаки-Асаки»-газетінің тілшісі Одзаки Ходзуми болды.
Зоргенің Мугденде Кантонда Шанхайда қытайлық көмекшілері де болды. Сөйтіп ол Қытайда үш жыл жұмыс істеп, қытай, жапон тілдерін толық менгерді, елді зерттеді. Әскери барлау тобы Қиыр Шығыстағы Қытай мен Жапон үкіметінің совет еліне қарсы әрекеттері туралы орталыққа бірнеше рет құнды мәліметті беріп тұрды.
1933 жылы Зорге Қытайдағы өз міндетін орындап болып Москваға шақырылады,ал бұдан біраз кейін августа Макс Клаузен мен Анна Клаузен де Москваға келді. Бұл жылдардағы Зоргенің өткен күндерінің жарқын беттерінде күрестің астыртын жұмыстың беттері, қылды аяқ астынан қауіп-қатерде болып тұрды. Осыдан кейін бас штабын барлау орталығы оның басшыларының бірі Я.К.Берзин Зоргені Жапонияға астыртын жұмысқа дайындайды. 22 бет
1935 жылы 16 августа Зорге Жапонияға барудан бұрын Германияға соғып,ондағы соңғы жағдайлармен танысты. Одан кейін бірінші ұшқан төңкеріспен Токияға келді. Зоргенің ұйымы интернационалдық Сипарта болды. Рихард анасы жағынан неміс,Макс Клаузен-неміс, Б.Вукемич-югослав, Одзаки тек дарынды журналистер ғана емес  ірі ғалымдар. Социологтар және шығысты зерттеушілер еді.
Вукелич ірі-лингвист, әрі журналист, Мияги - суретші, әрі өнер зертеушісі, Клаузен сауда флотының теңізшісі, дарынды инженер болды. Идеялық мықтылығы жағынан төтенше құрылған Құрыш ұйым,ортақ іске сеніммен қарайтын қалтқысыз, қажырлы адамдар еді. Әрқайсысы өзі тұрған жерде өз мамандығына байланысты жұмыстар істеп қаражат тапты. Олар Москвадағы орталықтың  көмек көрсетуінен саналы түрде  бас тартты.
Олар ақша, силық, алғыстар алу үшін емес - дүние жүзіндегі социалистік мемлекетті жаудың тіміскіленуінен қорғап қалу үшін жұмыс істеді.
Кейін Зорге өз ұйымының жұмысына басты мақсат СССР-ді қолдау соғыс шабуылынан қорғау болды деп жазды. Зоргенің ұйымының 9 жыл ішіндегі толассыз жұмыстарында оның жетекшілік, тапқыр ұйымдастырушылық, жігер берушілік орасан зор еңбегі болды.
Оның ұйымдастыруышылық қабілеті арқасында Жапондардың қарсы барлауының иек астында тұрып –ақ жұмыстарында тамаша табыстарға жетті.
Зорге ұйымында да маңызды саяси дипломатиялық, әскери хабарлар мол жинақталып, Совет Одағымен Жапония арасында соғыс жанжалдарының болу мүмкіндіктері сарапталып, бұл хабарларымыз әрдайым Сталинге қауіптен сақтанатын материалдардан құралды. Олар мұндай материалдарды Жапонияның сыртқы істер министрлігіндегі елшіліктермен соғыс атташаларынан алып отырды. Зорге кейбір кездейсоқ,мәнді емес хабарларды алып тастап,ой елегінен өткізіп,салыстырды деп өткізді.Бұл жұмыстар ұйымның жүрегі Зорге болғанын бұл жұмысқа орасан зор ақыл парасат күшін жұмсалғанын да көрсетіп отыр. Зорге осы кезде әйелі Катядан хат алып,өзінің көп кешікпей әке болатынын біліп, қуанып хат жазады. Онда әйелінің туыстарына сәлем жолдап,менің сені жалғыз қалдырғаным үшін олар ренжіп сөкпесін. Кейін мен мұның бәрін саған деген өзімнің зор махабатыммен, мейіріммен түзетуге тырысамын. Сау бол қолыңды қатты қысамын және шын жүректен құшып сүйемін. Менің ісім жақсы жүріп жатыр деп жазды. 30 жылдардың екінші жартысындағы халықаралық жағдайлардың даму барысы екінші дүние жүзілік соғыстың жақындап қалғанын білдіретін фактілерге толы болды. Зорге ұйымы бұлардың бәрін қадағалап елшіліктерден тиісті материалдар жинап, оларды орталыққа беріп отырды.
Көп ұзамай Германия Польшаға шабуыл жасап, оккупацияланды, Англия мен Франция соғысқа тартылып, екінші дүние жүзілік соғыс 1939 жылы сентябрьде осылай басталған еді.
Барлаушы жұмысының ерекшілігі бейбіт күнде де,соғыс кезінде де оның өмірінің бүкіл құрылысына қатал таңба түсіріледі. Өйткені ол тәуліктегі 24 сағат ішінде қолға түсіп қалу қаупінде болады. Ол қатарынан екі қызмет атқарады, негізгі қызметімен қатар басқа адамдар істеген күнделікті жұмыстармен де айналысады. Бірақ оның әрбір әрекеті жазылмаған устав пен шектелгендей қадағалап мұқият қара, мейлінше сақбол,осындай да екі шұқып, бір қара деген сақ болсаң сақтаймын деген сөздерде ойына оралады.
Зорге соншалық қиын жағдайларда құпиялық сапасы жағынан бұрын соңды болып көрмеген коллектив құрды. Оларға басшылық етті, тәрбиеледі, ортақ істің салтанат құратынына өзінің көзі жететінін бойларына сіңіре берді, идеялық рух беруші де болды, ол өз достарына әрқайсысына зор құрметпен қарап, олардың жан дүниесін түсінуге тырысты. Ұйымның әрбір мүшесінің творчествалық іскерлегі тапқырлығы айқын көрініп отырды.
Орталықтан радиограмма келіп, онда “Рамзайға” - онда оны Отанға шақырып ала алмайтынын түсіндіреді. Күрделі халықаралық жағдайларға байланысты шыдай тұруға тура келеді, осы кездегі соғыс жағдайларымен байланысты бұл мәселе өзінен-өзі түсінікті еді.
Зорге ұйымына мәңгі өшпес данқ әперген соңғы 16 айдың орны ерекше еді, бұл қысылтайаң, әрі ең жемісті кез болды. Бәрі де шарықтау шегіне жеткен белсенді жұмыстарды өрістетті. Бұл кездегі жұмыстардың негізгі мәселелері-Германия, Жапония ара қатынастары Жапония Совет қарым-қатынастары туралы зерттеуге толы болды.
Р.Зорге Германия елшілігіндегі адамдары арқылы Германияның Совет Одағына қарсы агрессияға дайындалып жатқаны туралы 1940 жылы 18 ноябрьде орталыққа ескертті. Осы кезде немістердің 4-12 армиялары Совет Одағы шекарасын көшірілгені, 1940 жылы 28-декабрь неміс Совет шекарасына 80 дивизия шығарылғаны, Гитлер Харвков Москва Ленинград бағыттары бойынша Совет жерлерін басып алуға үміттенеді деген хабарлар орталыққа берілді. Осындай кезде ерекше қызметтегі жапон дивизиондары Рамзай хабарын күн сайын ұстап алып қарсы барлау да өз жұмысын күшейте түсті. Бұл Зорге ұйымының қарсы барлаудың темір құрсауына ілігіп, оның күннен күнге таралып бара жатқаны да байқатады.
Қатаң қысылтаяң жағдайларда Зорге тобы Германияның қашан соғыс бастайтыны мен шұғылдана берді.
Орталыққа :“Қайталаймын: 150 дивизиядан тұратын 9 армиясымен немістер 22 июньде Совет Одағына шабуыл жасайды Рамзай деген хабар берді. Ең соңғы радиограмманы ұйымның мүшесі Клаузен 17 июньде жіберді. Ал 22 июнь күні Германия Совет Одағына шабуыл жасады, “Барбаросса” жоспары іске қосылды. Зорге тобы Жапонияның сол кездегі экономикалық күш қуатына талдау жасап, оларды мұнай қорының аздығын анықтады әскери күш қуаты да салыстыра зерттеп 1941 жылы 30 июньде орталыққа “Жапония қатаң бейтараптықты сақтауға бел байлады”-деп радиограмма берді. 6-сентябрьде Зорге орталыққа қазіргі жағдайда Жапония Тынық мұхиттағы соғысқа әзірленіп жатыр. Ал биылғы жылы СССР-ге қарсы соғыс аша алмайды деген хабарды жеткізді.Осы жоғарыдағы қорытындылар Зоргенің өте үлкен жауапкершілікті өзіне алғанын көрсетті. Ол Сібірдің терең түкпірінен әскери эталондардың қалай жылжып бара жатқанын көз алдына елестетті. Сонау шалғайдағы Москваға ағылып жатыр. Полктар мен танк құрамалары Москваны қорғап тұрған құрамаларға қосылды. Жау Москваға өршелене шабуыл жасап, 1941 жылы сентябрь-октябрь дүние жүзі халықтары демін ішіне тартып, не болар екен деген қорқынышты сын сағатта Зоргенің қабарымен Қыйыр Шығыстан әкелінген қуатты соғыс күштерінің Москваны қорғап қалудағы орасан зор күшқуатының маңыздылығын айқын түсінді, көріп сезді. Ол адам баласының қолынан келетіндердің бәрін істеді. Ұйым өз міндетін орындап шықты осындай жағдайлардан соң ұйым да өз қауіпсіздігі туралы әрекет етуге праволы еді. Зорге орталықтың рұқсатынсыз ұйымның қызметін тоқтата алмады. Ол жазылмаған радиограмманың қорытынды бөлігінде Жапонияда бұдан әрі болудың пайдасы жоқ. Отанға қайтып оралайын ба немесе жаңа жұмыс істеу үшін Германияға барайын ба? Нұсқау күтемін.
Тағдыр бұл үміттің іске асуын қоспаған еді
Соңғы 16 айдың ішіндегі қауырт қым-қиғаш жұмыс бар жапон қарсы барлауының қызметін күшейтіп, олар 9 жылда істей алмағанын осы 16 айда істеді.
1941 жылдың 18 октябрінде Ұйым өмір сүруін тоқтатты. Олардың пәтерлеріне полиция бір мезгілде шабуыл жасап, Зоргені қамауға алады. Ұйым мүшелерін қамауға алу 1942 жылғы июльге дейін созылды.
Зорге мен оның серіктерін Сугама Каторгілік түрмесіне қамап ұстайды. Тергеу тексеру өте қыспақта жүргізілді. Тергеушілер Зоргенің тұлғасына ерекше назар аударып, жеке басының қасиеті керемет адаммен істес болып отырғанын түсініп,оған таңырқамай қала алмады. Ол өте шеберлікпен және тапқырлықпен жапон императорына,  Гитлерге де жақын адамдарды да өзіне қызмет еткізді.
Бүкіл дүниежүзінің барлау жұмыстарының тарихында дәл осындай жұмыс істеген ұйым бұрын соңды кездеспеген еді. Мұны дара ерекшеліктің жоғары шыңы деуге болады. Тергеушілер Зоргенің қолын қайырып тырнақ көбесіне ине тықты, саусақтарын бамбук қыспағына салды, ол сонда да үндемеді оның бұл ерлігін күзетші, қарауылшылардың арасына тез тарап, олардың бойына осы адамнан шығып жатқан жаратылыстан тыс-бір ерекшелік үрей сезілетінін туғызды. Көптеген тергеу жұмсыстарынан кейін 1943 жылы 29 сентябрьде Токио аудандық соты Зоргені, Одзакиді өлім жазасына кесті. Бұлар осыдан кейін де бір жылдай өмір сүрді. Ол түрме қызметшілерінің сөзінен Совет Одағынын соғыста жеңіп щығатынын айқын білді.
1944 жылы 7 ноябрь күні түрме жендеттері алдымен Одзакиді дарға асты,түрменің бастығы жендеттерін ертіп келіп Зоргеге бүгін сіздің мерекеңіз айтатынын бар ма? Бұған Зорге Совет Одағы жасасын,Қызыл армия жасасын - деп жауап берді. Сағат 10. 38-де ол дарға асылды.
“Адамдар от жалындай сөнеді сүйтіп одан ешнәрсе қалмайды, оттан қайғы қасірет күні ғана қалады”.
Түрмешілер оны Токионың Тама Зиратына жасырын жерледі. Мұндай даңықты, дарынды, белгілі ұлы адамның із - түссіз кетпейтінін де белгілі. Қайтыс болған соң 12 жылдан кейін достары оның бейітін іздеп тауып 1956 жылы достары оның қабірінің үстіне “Рихард Зорге ” 1895-1944 жыл деген жазуы бар гранит плитадан ескерткіш орнатты. Плитанын екінші бетінде “Бұл жерде соғысқа қарсы, бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік үшін шайқаста өз өмірін қиған батыр жатыр, 1895 жылы Бакуде туған, 1933 жылы Жапонияға келген, 1941 қамауға алынған сол жылы 7 ноябрьде дарға асылған 1965 жылы Зоргенің адал досы жәрдемшісі болған жапон әйелі «Кісі Зорге», «Зорге» есімді адаммен кездесуімнің бәрі жайлы деп айталатын кітаптар жазды.
Зорге ұйымының тарапынын берілген хабарлар,ескертулер соғыстың барысына ықпал етіп, кейбір құрбандықтарды азайтуға да ықпал етті, герман-жапон қарым қатынастарының қалай дамып бара жатқанын да білдіріп отырады,қай жақтан көбірек қауіп төнетінін де аңғартты. Зорге ұйымы өзінің орасан зор қызметімен бүкіл адамзаттың жауы герман фашизмін талқандаудың ортақ ісіне шама-шарқынша өз үлестерін  қосты.
Сондықтан да жер шарының түкпір-түкпірінде  Зоргенің жеке басына оның ісіне деген құмарлық жылдан жылға артып келеді.
Доктор Зорге  Сіз Кімсіз осы? Бұл сұраққа оның сөзі “ Мен Коммунистпін ” деп жауап берді осы сөз арқылы барлығы да айтылғандай  ол ақырғы деміне дейін коммунист болғанын кейінгілерге жеткізуі еді, ол өзінің тыныш,бақытты өмір сүру мүмкіндіктерінің бәрін құрбан етті, бірақ ол өз отанына қызмет ету бақытына ие болды.
“Правда” газетінің 1964 жылғы 6 ноябрьдегі санында. Тек 20 жылдан кейін ғана Зорге туралы шындықты айтуға мүмкіндік беретін жағдай қалыптасты. Оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі ерлігімен қаһармандығы лайықты бағаланды. СССР жоғары Советі президиумының 1964 жылғы 5 ноябрьдегі указы бойынша Рихард Зорге жолдасқа қаза болғаннан кейін Совет Одағы батыры атағы берілді. Ізгі ниетті адамдар коммунист  және бейбітшілік  жолындағы күрескер Совет барлаушысы Рихард Зоргені зор алғыс айтып, еске алды. Ұлы мұраттар жолына жасалған ерлік із-түссіз жоғалмайды, бұған уақыт та қызмет етеді. Оның ерлігін заманында бүкіл Совет халқы танып отыр,оны білмейтін аз болар. Оның ой арманы ерлігі Совет адамдарының ыстық жүрегінен орын алып келеді. Ол өзіне барлаушылық ауыр өмір жолын өзі таңдап алды,өйткені оның жігер қайнаған тұлғасы зұлымдықпен келісе алмады, және қауырт қимыл жасауды талап етті.
Зоргенің бастан кешкен оқиғаларының ең бастысы асқақ ақыл ойлы адамның қаратүнек күшке қарсы ақыл парасаттын жекпе-жек күресі мұнда Зорге жеңуші болып қалды. Оның қызметі мен өмір жолы ғасырда бір туар текті де дегдар тұлға екенін айқын көрсетті, тарихтағы орны XX ғасырда өткен ұлы адамдардың қатарында қалды.
Кейінгі ұрпақтарымыздың бұл адамның өмірінен үйренетін, үлгі алатын мәселелер ұшан теңіз, құдірет оған  адам бойында болатын асыл қасиеттердің барлығын үйіп төгіп бергені аңғарылады.
Оның бейнесін суреті арқаны көз алдыңа елестетсең! Ақыл-парасатқа толы, ізгі зейінді, көздері жарқырап сәл жымия түскен сұлу адам жер бетіндегі барлық селоны,қаланы аралап жүріп баратқандай. Коммунист Совет Одағының батыры Зоргенің өлмес-өшпес даңқы планетамызда шеру тартып барады, тарих пен бірге келешекте де, шеру тарта береді.
 
Н.Шуақбаев,
зейнеткер,ұстаз, еңбек ардагері, тарихшы,
Жалағаш ауданы, 
Аққұм ауылы.
03 желтоқсан 2018 ж. 839 0