Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТУҒАН АУЫЛЫНДА КӨШЕ БЕРІЛДІ

ТУҒАН АУЫЛЫНДА КӨШЕ БЕРІЛДІ


«Жақсының аты өлмейді» дейді халық даналығы, Сол айтқандай Ұлы Отан соғысына қатысушы, ер жүрек жауынгер Арғынбай Сырғабаевты еске алуға арналған тағылымды шара өтті. Оның барысында соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және бейбіт кезеңде өзі екпінді еңбек еткен бұрынғы О.Мәлібаев ауылының орталық көшелерінің біріне соғыс ардагерінің есімі берілді.
Арғынбай Сырғабаев 1924 жылы бұрынғы Тереңөзек ауданы Қызылдиқан ауылында дүниеге келген. Туған ауылында 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын 1940 жылы күрішші болып бастаған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1942-1943 жылдары Сызрань қаласындағы танк училищесінде оқып, әскери дайындықтан өтіп, старшина шенін алған. Бірінші Украина, екінші Украина майдандарында танк экипажының командирі болып, кескілескен ұрыстарға қатысқан. Қан майданда жүріп КПСС қатарына қабылданған. Майдангер Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Елге оралғаннан кейін Қызылдиқан колхозында бригадир болып еңбек еткен. 1948 жылы Орынбасар Ізтілеуқызымен отау көтеріп, өмірге 10 бала келіп, оларды бірге тәрбиелеп өсірді. Туған ауылында колхоз төрағасының орынбасары, ферма меңгерушісі, бас инженер, кеңшар кезінде бас маман қызметтерін атқарған Арғынбай Сырғабаев ерен еңбегімен ел-халықтың құрметіне бөленген азамат еді.
Ол Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және «Ерлігі үшін», Ұлы Жеңістің 20, 25, 40, 50 мерекелік медальдарымен марапатталған.
Ізгілікті шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мен аудан әкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова ашып, Ұлы Отан соғысы ардагерінің өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі екенін айтып, ауданда ардагерлерді ардақтаудың жақсы жалғасын тауып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ еске алу шарасында облыстық ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Ж.Бодықбаев, көшеге есімі беріліп жатқан, ардагермен бірге еңбек еткен, оның қажырлы, іскер азамат екендігінен естеліктер айтты. Ардагердің туыстары атынан Ж.Маханбетәлиев сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысының жауынгерін ұлықтап жатқан аудан, кент әкімдіктеріне, барша қауымға ризашылығын білдірді. Ауыл мешітінде ардагерге ас беріліп, құран бағышталды.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
14 мамыр 2018 ж. 1 759 2

Гость JeaOrer от 26 ақпан 2019 05:58
No Prescription Needed Metronidazole Regaxidil O Propecia Amoxicillin 500mg Side Effects viagra Ordering Cheap Prednisone Without X Vardenafil Levitra Precio Buy Van Tin Without Prescription

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 03:12
Cialis One Day Come Terapia Propecia Riesgos Cialis Tratamiento Cancer online pharmacy Viagra Turk Zithromax Urinary Tract Infection