Қазақы ырым баланың дертіне ем
Ғылымда баланың сөйлей алмауын тіл дамуының кешеуілдеуі деп қарастырып, сан түрлі ем-шара қолданып жатады. Бұл – баланың белгілі бір жас кезеңінде сөйлеу дағдысы қалыпты дамымай, сөздік қорының аз болуы, сөйлем құрай алмауы немесе еш сөйлемеуі екені ғылым тұрғысынан дәлелдеген. Мұндайда медицинада моторлы және сенсорлы алалия деген тұжырым жасалып, баланың сөйлей алмаса да, бірақ түсінетінін, сөйлей отырып, сөйлеуді түсінбейтінін қарастырады. Осындайда қазақы ырымның көмегі тиіп, бала сөйлеп кетіп жататыны бұрыннан дәлелдеген.Бұрын тілі кеш шыққан баланың нағашысы жөн-жоралғысы бөлек ырым жасайтын болған. Яғни тілі кеш шыққан сәбидің мойнына жаңа сойылған қойдың немесе ешкінің өңешін немесе ішегін байлап, қылғындыратын болған. Мойыны қылғынған бала сол мезетте шыңғыра жөнеліп, тілі шығатын болған.
Көпшілік ауызында жүрген осы бір ырымның тарихына үңілсек, шынында тереңде жатыр екен. Бұрын сөйлемейтін мылқау бала нағашысының ауылына келген екен. Сонда жиен қорадағы семіз тоқтыны көріп, ауылына ұрлап кеткен екен. Оны естіген нағашысы жиеннің үйіне барып, семіз тоқтыны сойып, ішегімен қылғындыра түседі. Азғантай уақыттың ішінде бала жасаған іс-әрекетіне ұялып, «нағашы енді қойыңызды ұрламаймын» деп сөйлей жөнелген деседі.
Осы күні тілі шықпаған жеткіншекті диагнозы бойынша логопед, невропатолог, дефектолог емдеп жатады. Көбіне, дертіне дауа іздеген жандарға қазақы ем де көмектеседі.
Орайы келгенде қорықтық құю жөнінде сөз қозғасақ, артықтық етпес. Өмірде көп шошынып, ұйықтай алмайтын баланы отырғызып үлкендер майлы табаны ұстап тұрып, қорғасын құятын болған. Секем алып, шошынған сәбиден барлық жамандық шығады деп тұжырымдаған. Қазақы емнің шапағатын көрген жандар дертті баланы сан түрлі ырыммен жазып алып отырған.
Б.АЯБЕКҰЛЫ
Фото: Ашық дереккөзден










