Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ГЕОГРАФИЯСЫНА ОБЛЫСТАН 12 НЫСАН ЕНДІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ГЕОГРАФИЯСЫНА ОБЛЫСТАН 12 НЫСАН ЕНДІ


Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.
    Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды.
    Бұл бағыттағы жұмыстар Сыр өңірінде де қарқынды жүзеге асырылуда.
    Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінде «Рухани жаңғыру» жобалық офисі жұмыс жасауда, сондай-ақ облыс әкімінің бекітуімен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамында елімізге белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, жергілікті атқарушы органдардың, оқу орындарының басшылары, мәдениет, руханият, білім, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
    Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығымен тығыз байланыс орнатылып, орталық тарапынан Қазақстандағы жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысан тізіміне облыстан 12 нысан таңдалып алынды.
    Олар «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары» санатына жататын Жанкент, Сығанақ, Шірік-Рабат және Жент қалашығы.
    «Діни және ғибадат орындары» санатына Оқшы ата, Қорасан ата, Төлегетай-Қылышты ата кешенді мазары, Бегім ана мұнарасы, Қорқыт ата мемориалды кешені, Бұқарбай батыр кесенесі мен Жанқожа батыр мазары және Қызылорда қаласындағы Христос Спаситель шіркеуі бар.
    Ал, өңірлік маңызы бар киелі орындардың тізіміне облыстан нысандар ұсынылуда. Бүгінгі күні «Қасиетті Қазақстан» орталығы жанындағы сарапшылар кеңесі осы нысандарды қарау үстінде. Осыған орай өткен облыстық жұмысшы тобы отырысында жалпыхалықтық және өңірлік маңызы бар нысандар тізімі анықталды.
08 желтоқсан 2017 ж. 2 993 0