Атам – жеңіс сарбазы
Аудандық газеттің 7 мамыр күнгі №36 нөмірінде «Майдангердің ұрпағымын» атты мақала жарияланыпты. Сол мақаланы оқып, мен де әкемнің нағашы атасы, яғни бабам туралы жазғым келді. Менің бабам Оразбек Тәжбенов – Жеңіс сарбазы.
Майдангер атамның өнегелі өмірі, ерлікке толы тағдыры біз үшін үлгі-өнеге. Біз бабамызбен әркез мақтанамыз, батырдың ұрпағы болғанымызды мақтаныш санаймыз. Атамыз Оразбек Тәжбенов 1919 жылдың тумасы екен. Ол кісі Тереңөзек ауданының бұрынғы К.Маркс колхозында дүниеге келген. Фин соғысының басталуына орай 1940 жылдан бастап Отан қорғауды мақсат санап, майданға аттанады. Кейін Ұлы Отан соғысына да қатысады. Гатчинадағы мұрағаттық мәліметтерге сүйенсек, Оразбек Тәжбенов әскери теңіз флотында ел қорғаған. Соғыстағы ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды.
Жанқиярлық ерлігі мен жауынгерлік батырлығының арқасында бабамыз елге жеңіспен оралған. Біраз жыл агрономдық қызмет атқарған. Ал үлкен әжеміз Тортай Қорғанбаев ұстаздық еңбек еткен. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, өсірген. Бүгінде олардың бәрі өсіп-өнген. Майдангер Оразбек Тәжбеновтің Исламбек деген ұлы мен Манат деген қызы бар. Исламбек ата қазір зейнеткер, Манат ажем ардагер-ұстаз. Барлығы немере-шөберелерінің қызығын көруде.
Бізге бейбіт күнді сыйлаған ата-бабаларымыздың есімі ұмытылмайды. Олардың ел үшін жасаған ерлігі бізге мақтаныш. Біз майдангерлерге мәңгілік құрмет көрсетуге міндеттіміз.
Майра КЕНЖЕБЕКОВА,
майдангер О.Тәжбеновтің
шөбересі