Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Байқау жеңімпаздары анықталды

Байқау жеңімпаздары анықталды

Аудандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімі және Аман­келді ауылдық әкімшілігінің қол­дауы­мен ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мұқа­ғали Мақа­таевтың туғанына 90 жыл толуына орай ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден «Есіңе мені алғайсың» ат­ты онлайн байқау өткізілді. Бай­қау­ға аудан бойынша 12 талапкер қатысты.

 Байқауда Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған лирикалық және тағы ­да басқа жанрдағы әндері шырқалды. Талғамы биік тыңдарман қауымның жүрегінен жол тапқан әндер көпшілік көңілінен шықты.

– Мұқағали Мақатаев 90 жыл­дығына арналған онлайн байқау жоғары деңгейде өткізілді. Талантты өнерпаздар ақын өлеңдері­не жа­зылған тамаша әндерді тамылжыта орын­дады. Қазіргі уақытта пан­­­де­мияның өршуіне бай­ланыс­ты мәдени-көпшілік шаралар онлайн және санитарлық талапты сақтай отырып, офлайн форматта ұйымдастырылуда. «Кіл жүйректен, кім жүйрік?» демекші, поэзия хан­тәңірі Мұқағали Мақатаевтың ли­ри­ка­лық әндерін қатысушылар жү­ректен-жүрекке жеткізе білді, – дейді ауылдық мәдениет үйінің  әдіскері Гүлзакира Аманжолова  

Онлайн ән байқауының қоры­тындысында бас жүлдені аудандық мә­дениет үйінің атынан қатысқан Ай­ләззат Сүлейменова иемденді. Ал І орын ас­қарлық Әсел Ибраева, ІІ орын қоғалыкөлдік Райхан Шүкіралиева, ІІІ орын  жеті­көл­дік Алмат Өтеуов, басарықтық Қалбибі Қабылшаеваға берілді. Барлық қа­ты­­су­шылар мен жеңімпаздарға арнайы «Диплом» мен бағалы сыйлық  табыс­талды. 

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
13 ақпан 2021 ж. 703 0