Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мырзағали Айтжанов бокстан ҚР құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Мырзағали Айтжанов бокстан ҚР құрамасының бас бапкері қызметінен кетті


Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Ғалымбек Кенжебаев тағайындалды. Ол бұл қызметте команданы 2009 жылдан бері жаттықтырған Мырзағали Айтжановты алмастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлім етілгендей, Қазақстан бокс федерациясы ұсынған Ғалымбек Кенжебаевтың кандидатурасын ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі құптаған.
Мырзағали Айтжановтың басшылығымен Қазақстан боксшылары əлем үздіктерінің қатарына еніп, Азияда үздік үштіктен көрінді. Лондонда Серік Сəпиев, Риода Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды. Айтжановтың басшылығымен қазақ боксшылары əлем чемпионаттарынан 5 мәрте алтын медаль жеңіп алды (2013 жылы - 4, 2017 жылы - 1).
Мырзағали Айтжанов əлем үздіктерімен иық тірестіретін мықты құрам жасақтап шықты. 
Қазақстан бокс федерациясы оған ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді.
«Бүгінде біздің команда бір орында тұрып қалды. Бірнеше жылдан бері дайындық барысында өзгеріс жоқ. Сондықтан, біз бапкерді ауыстырып, үнемі жаңашылдық іздейтін, боксшылары керемет нəтиже көрсететін жастар құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевты ұсындық»,- дейді ҚБФ бапкерлер штабымен жұмыс бөлімінің басшысы Юрий Цхай. 
Ғалымбек Кенжебаев 35 жылдан  бері бапкерлік қызметте келеді. 1998-2005 жылдар аралығында Геннадий Головкиннің жеке бапкері болды. 2006-2009 жылдар аралығында жəне 2013 жылдан бүгінге дейін жастар құрамасының бас бапкері. Кенжебаевтың басшылығымен Қазақстан жастар құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасынан 2 алтын иеленіп, 5 Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын иеленді.
 
16 желтоқсан 2018 ж. 1 089 0