Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын тоқтатты

Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын тоқтатты


Астана, BAQ.KZ. 2012 және 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионы және вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын тоқтатты. Бұл туралы sports.kz басылымы жазады.

sports.kz басылымына бұл туралы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеген.
«Иә, Әділбек бізбен ақылдасты және осындай шешім қабылдады. Ол бірнеше жыл бойы Қазақстан құрамасы үшін еңбек етті, көп жеңіс сыйлады және Қазақстан туын биік ұстады. Оның жарақаты бар, жазылғанша уақыт керек. Себебі спортшының денсаулығы — бәрінен де маңызды. Әділбектің шешімін қолдадық және еңбегі үшін алғыс білдірдік. Жеке өз атымнан және бапкерлік штаб атынан да Әділбекке болашақта тек сәттілік тілейміз», — деді Мырзағали Айтжанов.

12 қараша 2018 ж. 830 0