Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хилс (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 218-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда франциялық теннисші сәтті ойнады - 6:3. Есесіне содан кейін Михаил Кукушкин ойын тізгінін өз4 қолына алды - 6:3, 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Кукушкин 8 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 13 эйс, 1 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

М.Кукушкин жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 180-інші, жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Денис Кудламен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдондағы екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Александр Недовесов Уимблдлонда алғашқы айналымнан аса алмады.
07 шілде 2023 ж. 241 0