Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Алматы ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді. Олар финалда доданың 1-ракеткалары, ресейліктер Амина Аншба - Софья Лансеремен бас жүлдені сарапқа салды. Финалға сай тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Құламбаева жұптық сында өзінің спорттық жолындағы 18-титулына қол жеткізді. 

Жібектің Алматы жарысының абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол ертең жекелей сында да финалдық матчын өткізеді.
04 қыркүйек 2022 ж. 715 0