Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Гран-Канария қаласында өткен ITF W100 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.Ол чехиялық Анна Шишковамен бірге финалда чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиза Заарды екі сетте жеңді. Есеп 6:3, 7:6 (7:3).
Осылайша қазақстандық-чехиялық жұп турнирдің чемпиондық атағын жеңіп алды.
W100 Gran Canaria-Maspalomas турнирі 27 шілде мен 2 тамыз аралығында өтіп, жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.
Фото: Ашық дереккөзден










