Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Денис Евсеев Президент кубогы челленджер турнирінің чемпионы атанды

Денис Евсеев Президент кубогы челленджер турнирінің чемпионы атанды

Әлемнің 412-ракеткасы, қазақстандық Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алды – 7:5.

Екіншісінде өзбекстандық спортшы есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Денис 4:2 есебімен алға кеткенімен, Хумаюн таразы басын теңестірді – 4:4. Сол аяғынан алған жарақатына қарамастан, Евсеев барын салып, қайта брейк жасады – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Денис Евсеев өз спорттық жолында ең ірі табысына қол жеткізді.

Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Д.Евсеев 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 6 брейкпен (17 брейк-пойнт) көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Денис Евсеевтің финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанды.

Александр Бублик Вашингтон ATP 500 турнирінде 
өнер көрсетеді.
Фото: ktf.kz
30 шілде 2023 ж. 312 0