Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ауыл спортшыларының дүбірлі додасы

Ауыл спортшыларының дүбірлі додасы

Биыл XXXIX облыстық «Алтын күз» спартакиадасының жалауы Жалағаш ауданында көтерілді. Бес күнге жалғасатын дүбірлі додаға ауданнан 172 спортшы қатысып, 16 спорт түрінен бақ сынайтын болады.

Дәстүрлі «Алтын күз» спар­такиа­дасының ұйымдастырылып ке­ле жатқанына биыл 39 жыл толып отыр. Ауыл спортшыларының спарта­киадасы ауылдық жердегі талантты спортшының шыңдалып, үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашуда. Алғаш рет біздің ауданда өткен бұл дода қазір облыс көлемінде дәстүрге айналып, ауыл-аймақта бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін беруде. Ең бастысы жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, жі­герін шыңдауға ықпал ететін жарыста шын мықтылар топ жарады.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар спорттың бірнеше түрінен сайысқа түспек. Қазақ күресі, жекпе-жек, жамбы ату секілді спорт түрінен өзара сынға түсіп, жүлделі орындар сарапқа салынады. Асық атудан алдына жан салмайтын сырдариялық спортшылар бұл сайыстың бірінші жүлдесін қолдан бермесі анық.

Спорттың Президенттік көпсайыс және дәстүрлі садақ ату түрі бо-йынша жерлестеріміз жарыстың алдыңғы орнынан көрінеді деген үміттеміз. Ал намысты қолдан бер­мейтін тоғызқұмалақшыларға қар­сылас шақ келмей, өткен жыл­ғы жетістікті қайталайды деген тілек­теміз. Өйткені жыл сайын спорттың бұл түрі бойы­нша аудан командасы бірінші орыннан көрінуде. Құрамында әлем және ел чемпиондары бар команда сырдариялықтарға жеңіс әке­ліп, тоғызқұмалақта мықты екенін биыл да дәлелдеуді мақсат еткен.


Сырдариялық волейболшылар өздерінің ұтқыр әрі шебер әдіс-тәсілімен ақырғы кезеңге дейін жетіп, жеңіс жалауын көтеретініне сенімдіміз. Ал білегі мықты, нағыз қара күш иелері қол күресшілер де жеңімпаз команданың қатарында болып, өткен жылғы жетістікті еселей түсуге ынталы.

– Жыл сайын ұйым­дас­тырылатын «Алтын күз» спар­такиа­дасына биыл сыр­дариялық споршылар тыңғылықты дайын­дықпен келді. Ауданнан 170-тен астам спорт­шы бақ сынайтын сайыс тар­тысты әрі қызықты болатынына сенемін. Жанкүйерлер мен жерлестерімізді жеңіс жолындағы жетістігімізбен қуан­тамыз деген ойдамыз. Ал­дыңғы орыннан көрінетін жекелей спорт түрінен сайысқа түсетін спорт­шыларға сәттілік тілейміз, – дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы М.Ерташов.

Бірнеше күнге созылатын спар­такиадада еңбек пен төгілген тер­дің арқасында аудан командасы жүлделі орынға таласатын болады. Спортты жанына серік еткен спортшы­лар аудан намысын қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімдіміз.

Айту керек, бүгін жарыстың екінші күні өтуде. Спартакиада 13 қазанға дейін жалғасады.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөзден
10 қазан 2026 ж. 94 0