Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Спортшылар сақадай сай

Спортшылар сақадай сай

Биыл Қазалы ауданында ауыл спортшыларының "Алтын күз-2022" облыстық спартакиадасы басталады. Жарысқа облыстың 7 ауданынан мыңнан аса спортшы спорттың 16 түрінен: волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, асық ату мен бес асық бойынша сынға түседі. Спартакиаданың мақсаты - бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру болып табылады.

Осы орайда, аудандық ішкі саясаттың мәжіліс залында бөлім басшысы Ж.Айекешов спартакиадаға қатысатын әр спорт түрінен жауапты жаттықтырушылармен кездесіп, ой пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, жүлделі орыннан көріну үшін бір қатар тапсырмалар берді. Айта кетейік, былтыр Жаңақорған ауданында өткен жарыста Сырдария ауданы жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Жылда үздіктер қатарынан көрініп жүрген спортшыларымыз биылда ауданымыздың намысын қорғап, жеңіспен оралады деген үміттеміз.
«Тт» ақпарат
24 тамыз 2022 ж. 667 0