Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Челси» клубынан хабарласты: Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға ойнамайтын болды

«Челси» клубынан хабарласты: Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға ойнамайтын болды

17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев алдағы FIFA Series-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетпейді. Бұл туралы құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдеді.

Бапкердің айтуынша, «Челси» клубының медициналық штабы ойыншының қазіргі жағдайына байланысты арнайы ұсыныс берген. Соған сәйкес, Сәтпаев наурыз айындағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келу курсынан өтуі тиіс.

«Біз «Челси» клубының медициналық штабынан Дастан Сәтпаевтың жағдайы туралы ұсыныс алдық. Онда ойыншыға толық қалпына келу қажет екені айтылған. Құрама дәрігерлерімен кеңесе отырып, біз оның денсаулығын тәуекелге тікпей, толық сауығуына мүмкіндік беруді жөн көрдік», - деді Байсуфинов.

Сәтпаевтың орнына ұлттық құрамаға Оралхан Өміртаев шұғыл түрде шақырылды. Қазіргі таңда ол Көкшетаудың «Окжетпес» клубында өнер көрсетіп жүр. Бапкерлер штабы оның дайындығы жоғары екенін атап өтті.

FIFA Series 2026 аясындағы ойындар елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны 25 наурыз күні Намибия құрамасы қарсы өтеді.
Бұл турнир – 2026 жылғы ресми іріктеу матчтары алдындағы маңызды дайындық кезеңі саналады.

22 наурыз 2026 ж. 195 0