Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақ Мессиі» атанған 17 жасар футболшы ресейлік «Уфа» құрамында жаттығып жүр

«Қазақ Мессиі» атанған 17 жасар футболшы ресейлік «Уфа» құрамында жаттығып жүр


2018 жылдың 14 қаңтарында 17 жастағы қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасындағы жаттығуын бастаған. Ресейлік футболшылары жас талантты ойыншының ойнау мәнеріне тәнті болса керек, оған «Лео» деген есім берген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Еркебұлан Сейдахмет – 2000 жылы 23 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген, «Тараз» футбол мектебінің түлегі.
2017 жылы Қазақстан U19 құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Санкт-Петерборда өткен Гранаткин мемориалында ұлттық құраманы өрге сүйреп, ерекше шабуылдаушы талантымен, ойынды ұйымдастыра алу қабілетімен футбол скауттары мен агенттерінің көзіне түседі. Осыдан кейін Ресейлік «Зенит» клубы бірден қазақстандық талантты футболшыны екінші құрамға шақырады. Бірақ, ол FIFA-ның кәмелетке толмаған ойыншыларды клубқа алмау туралы ережесіне сәйкес аталған клубтың қатарына қосыла алмайды.
Алайда, талантты ойыншы «Уфа» футбол клубынан ұсыныс алады. Ал 2018 жылдың 17 қаңтарында башқұртстандық клубтың сапына ресми түрде қосылды. Бұл туралы аталған футбол клубының бас директоры Шәміл Ғазизов хабарлаған.
Ендігі аптада Еркебұлан кәмелеттік жасқа толады. Осы орайда «Уфа» басшылығы футболшымен болған келісімшартты ресми түрде жария етуі мүмкін.
«Уфа» футбол клубының оқу-жаттығу жиындары 14 қаңтарда басталып кеткен. Ресейлік футболшылар қазақстандық талантты ойыншының ойнау мәнеріне тәнті болса керек, Еркебұланға «Лео» деген есім беріпті. Ол туралы «Уфа» клубының Youtube желісіндегі ресми парақшасындағы сұхбат барысында айтылады.
— Команда сені «Лео» деп атайды, оған сен режімейсің бе?
— Жоқ, әрине.
— Неге сені «Лео» деп атайды?
— Білмеймін. Бірақ солай атай бастады.
Сонымен қатар, Еркебұлан видеокүнделіктің келесі бөлімінде клубтағы оқу-жаттығу жиындарының қалай өткенін айтады.
— Лео, саған ауыр емес пе?
— Керемет. Бүгін ауыр болды.
— Неге? Үйде жаттығу жасаған жоқсың ба?
— Жоқ, жаттығуымды жасадым. Барлығы жақсы.
Айта кетейік, қазіргі таңда Еркебұлан Сейдахметтің трансферлік құны – 300 мың еуро шамасында
19 қаңтар 2018 ж. 1 933 1

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 22:03
Tomar Viagra Para Eyaculacion Precoz Discount Isotretinoin Best Buy No Prescription Needed Store Nebraska jelly kamagra paypal Buying Free Shipping Dutasteride On Line Bentyl Real France Pharmacy Shipped Ups Viagra Online In Spain