Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанның Ұлттар лигасындағы мүмкіндігі қандай?

Қазақстанның Ұлттар лигасындағы мүмкіндігі қандай?

6 қыркүйек күні футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді. Қарсыласымыз Грузия құрамасы. Осы ретте «Ұлтттар лигасы» дегеніміз қандай турнир? Қазақстанның мүмкіндігі қандай? Сарапшылардың пікірі қандай? Baq.kz тілшісі осы және басқа да сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Осыдан 3 жыл бұрын Астанада өткен UEFA-ның 28-конгресінде Ұлттар лигасының жобасы қабылданған болатын. Негізі бұл жобаны талқылауды UEFA-ға мүше елдер 2011 жылы Кипрдегі жиында бастаған. Кейіннен 2013 жылы Стокгольмде, 2014 жылы Дубровникте пысықталып, ең соңында Астанада нақты түрде қабылданды.
UEFA-ның Ұлттар лигасына Еуропаның 55 құрама командасы қатысады. Олар 4 дивизонға (A, B, C, D) бөлініп, додаға түспек. Биылғы жылы 24 қаңтарда жеребе тартылды.
А дивизонына рейтингтің алғашқы легінде орналасқан 12 команда енген. Олар 3 командадан 4 топқан бөлінген. B дивизионы – рейтингтегі келесі 12 құрама, олар да төрт топқа үш командадан жіктелді. С дивизионында UEFA-ның рейтингінде 25-39 орындарға орналасқан 15 құрама бар. Бұл дивизонда үш топта төрт командадан, ал біреуінде үш команда. D дивизионында рейтингтің соңғы жағындағы яғни 40-55 орындарға жайғасқан 16 құрама кірді. Еуропаның «карликтері» төрт топқа тең бөлінді.
А лигасы
1-топ: Германия, Нидерланды, Франция;
2-топ: Бельгия, Исландия, Швейцария;
3-топ: Португалия, Польша, Италия;
4-топ: Испания, Англия, Хорватия.

В лигасы
1-топ: Словакия, Украина, Чехия;
2-топ: Ресей, Швеция, Түркия;
3-топ:Австрия, Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия;
4-топ: Уэльс, Ирландия, Дания.
С лигасы
1-топ: Шотландия, Албания, Израиль;
2-топ: Венгрия, Грекия, Финляндия, Эстония;
3-топ: Словения, Норвегия, Болгария, Кипр;
4-топ: Румыния, Сербия, Черногория, Литва.

D лигасы
1-топ: Грузия, Латвия, Қазақстан, Андорра;
2-топ: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-Марино;
3-топ: Әзірбайжан, Фарер аралдары, Мальта, Косово;
4-топ: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар.
Ережесі қандай?
Осы Ұлттар лигасы жайлы сөз қозғағанда жанкүйерлердің көбісі ережесін, турнирдің форматын түсінбей жүргендер көп. Ендеше, басынан бастап түсіндіріп көрсек.
*А дивизионындағы 4 топтың жеңімпазы «Төртеудің финалына» жолдама алады. Жартылай және финалдың ойындары 2019 жылы маусым айында өтеді. Финалдың қай жерде өтетіндігін УЕФА Атқару комитеті шешеді;
*Ал В, C және D дивизиондарында топ жарғандар бір саты жоғарыласа, A, B және C дивизиондарында соңғы орын алғандар төменгі дивизионға түседі;
*Ұлттар лигасында Еуро-2020 додасының 4 жолдамасы сарапқа салынады. Жолдамаға кез келген қатысушының қол жеткізуіне мүмкіндігі бар. Яғни қай дивизонда ойнағаны маңызды емес. Еуропа чемпионатының іріктеу бәсекесі 2019 жылы өтеді. Жеребе тарту рәсімінен кейін 5-6 құрамадан 10 топ анықталады. Әр топтан үздік екі команда финалдық кезеңге шығады. Еуро-2020 турнирі кәрі құрлықтың 13 қаласында өтеді. Бұрынғыдай алаң қожайыны ретінде автоматты түрде жолдамаға ешқандай команда ие бола алмайды;
* D дивизионының үздіктері 2020 жылдың наурыз айында өтетін плей-офф додасына қатысады. Мұнда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынады. Оған 16 құрама қатысады;
*2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша 4 жолдамасы сарапқа салынатын бәсекеге әр дивизоннан 4 құрама қатыса алады. Егер қосымша жолдамаға таласуға қатысатын А дивизионындағы құраманың лицензиясы болса, онда оның орнына бір сат төмен орналасқан құрама барады. Ал егер А (немесе В) дивизионындағы құрамалардың бәрі (немесе көбісі) «Еуро-2020» жолдамасын іріктеу ойындарында жеңіп алса, онда олардың орындарын келесі дивизиондағы құрамалар басады.
Қашан басталады?
Бірінші тур – 2018 жылдың 6-8 қыркүйегіне, екінші тур – 9-11 қыркүйекке, үшінші тур – 11-19 қазанға, төртінші тур – 14-16 қазанға, бесінші тур – 15-17 қазанға, алтыншы тур – 18-20 қарашаға жоспарланған.
Қазақстан алғашқы ойынын 6 қыркүйек Астанада Грузия құрамасына қарсы өткізеді. Сосын 4 күннен кейін Андорраға қонаққа барады. Жақында ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стойлов осы ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Алғаш рет құрамаға украиналық қақпашы Дмитрий Непогодов шақырту алды. Ол соңғы жылдары Қостанайдың «Тобыл» клубында өнер көрсетіп жүр.
Құрамаға шақырылған футболшылар
Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Тобыл»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (бәрі де – «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де – «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Георгий Жуков (бәрі де – «Қайрат»), Бахтиер Зайнутдинов, Серікжан Мұжықов (екеуі де – «Астана»);
Шабуылшылар: Еркебұлан Тұнғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).
Биыл құраманың тізгінін болгариялық бапкер Станимир Стойлов ұстаған болатын. Жолдастық кездесулердегі Қазақстанның ойыны жанкүйерлердің көңілінен шықты. Жерлестеріміз Венгрия мен Әзірбайжанды ұтты, Болгарияға тек соңғы минутта есе жіберіп алды. Енді ресми ойындар. Оның жөні мүлдем бөлек. Бас бапкердің де ойыншылардың сыналатын тұсы.
Наурыз айында Венгрия мен Болгариямен кездесу алдында Стойлов баспасөз мәжілісінде былай деп еді:
– Ұзақ жолды бастағалы тұрмыз. Ұлттық құраманың деңгейін көтеру керек. Өйткені FIFA рейтингісіндегі қазіргі орны ешкімді де қанағаттандырмайды. Құраманың ойын өрнегін өзгертуіміз керек. Бұған дейін, негізінен қорғанысқа көп көңіл бөлінді. Ал Ұлттар лигасында қорғаныс пен шабуылды ұштастыра білу керек. Венгрия да, Болгария да – бізге қарағанда деңгейі жоғары құрамалар. Матч қандай есеппен аяқталса да, бізге еуропалық деңгейде ойнауға тырысу қажет, – деп еді Стойлов.
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орын алуға мүмкіндігі бар. Мұндай пікірі қазақ футболының ардагері, даңқты қақпашы Құралбек Ордабаев айтты.
– Соңғы жолдастық кездесулерді қарап шықтым. Соған қарап, Қазақстанның өз тобында бірінші орын алуға мүмкіндігі бар екенін байқауға болады. Станимир Стойлов команданың ойынын қалыптастырды. Футболшылардың жеңіске деген құлшыныстары оянған. Бұрынғыдай емес, мотивация жоғары. Ең маңыздысы, жанкүйерлер құрамаға сенім арта бастады. Сондықтан мүмкіндік бар деп ойлаймын. Енді бірінші кезекте құраманың алдына жоғары мақсаттар қою керек. Алдымен өз тобымызда бірінші орын алуымыз қажет. Одан кейін барлығын саралап, басқа да футболшылармен құрама сапын толықтыруға тиіспіз. Сол кезде нәтиже де өздігінен келеді. Өйткені, футбол ешқашан бір орында тұрмайды. Тіпті, ішкі біріншілігіміздің өзі бұрынғы жылдармен салыстырғанда өскен, – дейді Құралбек Досжанұлы.
Кезінде «Қайрат» сапында қорғаныс шебін күшейткен ардагер футболшы Юсуп Щадиев Ұлттар лигасы арқылы Қазақстанның Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі артатынын алға тартып отыр. Сарапшы мұндай пікірді «Sports.kz» сайтына берген сұхбатында айтты:
– Қазақстан құрамасы үшін Ұлттар лигасының пайдасы зор. Өйткені, ойын тәжірибесі ауадай қажет. Көптеген Еуропа құрамаларымен салыстырғанда Қазақстан жолдастық кездесуді аз өткізеді. Біздің футболшылар үшін бұл халықаралық аренада тәжірибе болмақ. Сондықтан осындай жарыс бізге тек өз пайдасын тигізеді деп санаймын. Қазақстан жолдастық кездесу өткізу үшін лайықты қарсылас таба алмай қиналады. Ал өзінен жоғары құрамамен ойнау үшін олардың қаржылық сұраныстары да көп. Бұл жағынан алғанда Ұлттар лигасының артықшылығы болып тұр. Оның үстіне, үздіктермен ойнау оңай емес. Енді өзімізбен деңгейлес командамен кездесіп, тіпті, жеңуге де мүмкіндік бар. Оның үстіне, Қазақстанның Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі арта түспек. Ұлттар лигасы – жауапкершілігі жоғары әрі жолдастық кездесулермен салыстырғанда статусы бар турнир, – дейді Юсуп Щадиев.
Қазақстанның қарсыластары
Енді Қазақстанның Ұлттар лигасындағы үш қарсыласына тоқталып өтсек.
Грузия
Топтағы басты фаворит Грузия құрамасы. Құраманы кезінде «Қайратты» баптаған Владимир Вайсс жаттықтырады. ФИФА-ның тамыз айындағы рейтингінде 96-орында тұр. Екі құрама өзара 4 рет кездескен. Көрсеткіштері бірдей. Қазақстан бір рет, Грузия бір ұтқан. Екі ойын тең аяқталған. Доп айырмашылығы – 3:3.
Болжам:
Топтағы бірінші орынға талас негізінен Қазақстан мен Грузия арасында өрбуі тиіс. Егер Қазақстанмен екі ойында кемі 4 ұпай жинаса, топтан бірінші орынға ие болады деп ойлаймыз.
Латвия
ФИФА-ның рейтингінде 129-орында орналасқан. Қазақстаннан төмен. Бірақ жеке кездесуде басымдық балтық елі жағалауында орналасқан құраманың еншісінде. Өзара 5 ойынның екеуінде Латвияның мерейі үстем болған. Қазақстан Исламбек Қуаттың арқасында бір мәрте жеңіске жеткен. Екі ойын тең аяқталған. Доп айырмашылығы –3:5. Латвияның пайдасында.
Болжам:
Кезінде 2004 жылы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан Латвия құрамасы соңғы жылдары жанкүйерлерін қуанта алмай жүр. Біздің болжам бойынша Латвия топта үшінші орын алуы тиіс.
Андорра
Андорра ФИФА рейтингінде Латвиядан кейінгі 130-орынға жайғасқан. Қазақстанмен екі кездесу өткізген. Әзірге басымдық біз жағында. Қазақстан екі ойында да ұтқан. Доп айырмашылығы –6:1.
Болжам:
Андорра футболы соңғы жылдары көтеріліп келеді. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда іріктеу кезеңдерде ұпай жинайтын болған. Бірақ Ұлттар лигасында бұл топта ең соңғы орында қалуы мүмкін. Алғашқы үш елмен салыстырғанда мүмкіндігі аздау.
Түйін
Ұлттар лигасының бізге пайдалы тұсы өте көп. Біріншіден, бұрынғыдай жолдастық кездесу өткізетін құрама іздеп шаршамаймыз. Екіншіден, барлығы да өзімізбен деңгейлес құрамалар. Енді, футбол федерациясының басшылығы болсын, бапкерлер штабы болсын жеңіліп жатсақ 40 сылтау айтпас деп сенеміз.
Өйткені, Германия, Голландиялардан ұтылғанда олардың жетістіктерін айтып, сытылып кететін. Енді, Грузия, Латвия, Андорраның соңында қалып жатсақ, ешкімді ақтауға келмес. Біз құрамаға, жігіттерге сенеміз.
Ұлттар лигасы Қазақстан үшін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға берілген мүмкіндік деп айтуға болады.
Ернұр ҚОЖАГЕЛДІ
01 қыркүйек 2018 ж. 1 173 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 18:24
Viagra Con Drogas zoloft Do Propecia Tablets Work Z Pak Zithromax

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 01:27
Kamagra Blog Cialis No Pongas Excusas Cialis In Griechenland viagra prescription Free Shipping Hydrochlorothiazide Hctz Medication