Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Қайраттың» жұлдызды ойыншылары «Қазақстан» құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды

«Қайраттың» жұлдызды ойыншылары «Қазақстан» құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды

Алматылық клубтан ұлттық командаға шақырту алған Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов және Дамир Қасаболат Бельгияға қарсы өтетін ойынды аяқтаған соң Алматыға қайтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Kyzylorda-news.kz

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін 15 қараша күні өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы өткізеді. Бұл ойыннан кейін "Қайрат" ойыншылары ұлттық құраманың Хорватияда өтетін, Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчына қатыспайды. Клубтың мұндай шешімі алдағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы маңызды ойынмен байланысты. “Қайраттықтар” 26 қараша күні өз алаңында Данияның "Копенгаген" клубымен ойнайды.
Фото: Kazfootball.kz
03 қараша 2025 ж. 447 0