Ашық біріншіліктің ашылуына қатысты
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының спорт шебері Сәбитұлы Шыңғысты еске алуға арналған аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.Салтанатты шара барысында аудан басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Шыңғыс Сәбитұлы индорхоккейден бірнеше мәрте чемпион атанып, жастарға үлгі бола білді. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі ретінде ел намысын қорғады. Аз ғана ғұмырында шәкірт тәрбиелеп, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырды. Бұл турнир – спорттың дамуына үлес қосқан дарынды спортшыны еске алып қана қоймай, жас спортшыларды қолдауға бағытталған маңызды шара. Осындай жарыстар арқылы өскелең ұрпақ спортқа бейімделіп, жоғары жетістіктерге жетуге талпынады. Барша қатысушыларға тартысты ойын мен жеңіс тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Іс-шара барысында спорт ардагері Мектепхан Елеусінов сөз сөйлеп, Шыңғыс Сәбитұлының спорттағы жетістіктері мен оның жас спортшыларға үлгі екенін атап өтті.
Аудандық ашық турнирге 12 командадан 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











