Қазақстандық боксшы студенттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Әлем чемпионатына Қазақстаннан барған төрт боксшының үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық боксшы Абай Қуандықов Ресейде өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта жеңістің ең биік тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Vesti.kz. Абай жартылай финалда жапон боксшысы Накагаки Рюутаромен жұдырықтасып, қарсыласын айқын жеңді. Финалда қытайлық Тайпейден келген қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды. 69 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан Бекболат Құрамысов күміс жүлдегер атанды. Шешуші шайқаста тайпейлік боксшы Пан Хун Минге ұпай айырмасымен есе жіберіп алды. Әлем чемпионатына Қазақстаннан барған төрт боксшының үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ержан Ордабаев 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль еншіледі. 75 келіге дейінгі салмақта жарысқа барған Амандық Манашев қана алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жүлделі орынға ілікпеді.
www.24.kz
www.24.kz