Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Бүгін Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының бозкілеміне бірінші болып грек-рим күресінің шеберлері шығады. 21 қазан күні біліктілік раундтары мен жартылай финалдар жоспарланған. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады. 
Ел командасынан бүгін мына балуандар бақ сынайды: 

60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев;
67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошқар;
72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов;
82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев;
97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов.

Фото: olympic.kz
21 қазан 2024 ж. 353 0