Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Қайрат» — «Реал Мадрид»: Бірінші тайм аяқталды

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Бірінші тайм аяқталды

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайрат» және Испанияның «Реал Мадрид» (Испания) кездесуінің бірінші таймы 0:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мбаппе ойынның 25 минутында пенальтида гол салды. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды. “Реал Мадрид” командасы алда. 

Ал 18 жасар “Қайрат” құрамасының қақпашысы Шерхан Қалмұрза “Реалдың” соққыларына сенімді түрде тосқауыл қойып, допты қақпаға өткізбеуге тырысып жатыр.

Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктелген. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.

«Қайрат»: Шерхан Қалмырза –  Луиш Мата, Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Еркін Тапалов – Офри Арад, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, Валерий Громыко – Жоржиньо, Дастан Сәтпаев;

«Реал Мадрид»: Тибо Куртуа – Фран Гарсия, Дэвид Алаба, Дин Хейсен, Рауль Асенсио – Орельен Чуамени, Дани Себальос, Арда Гюлер – Винисиус Жуниор, Франко Мастантуоно, Килиан Мбаппе;

Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді.
Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Еліміздің атынан турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Фото: Спорт Шредингера.
30 қыркүйек 2025 ж. 91 0