Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

54 газет

16 шілде 2019 ж.

53 газет

13 шілде 2019 ж.

№52 газет

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Еуропа лигасы. Эсеоланың екі голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады

Еуропа лигасы. Эсеоланың екі голы "Қайратқа" жеңіс сыйлады

"Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасындағы бірінші ойында "Широки Бриегтен" басым түсті. Алматылық клуб Боснияда қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты. Іріктеу кезеңіндегі бірінші ойын "Пецара" стадионында өтті. Бірінші болып "Қайрат" командасы гол соқты. 29 минутта капитан Бауыржан Исламханның тамаша пасын шабуылшы Адринсеола Эсеола голға айналдыра білді. "Широки Бриег" командасы да өз нәтижелерін көп күттірген жоқ. 34 минутта Иван Енин есепті теңестіріп кетті. Команда сапында ойнайтын ресейлік легионердің тепкен добын Стас Покатилов қайтарып үлгермеді.  Эсеола екінші таймда дубль жасады. Елдос Ахметовтің берген пасын ұтымды пайдаланып, қазақстандық командаға жеңіс сыйлаған голды соқты. Екі команда арасындағы қарымта ойын 18 шілде күні Алматыда өтеді. Елорда уақытымен сағат кешкі 20:30-да басталады. Айта кетейік, қазақстандық клубтар биылғы еурокубок ойындарын сәтті бастады десек болады. "Астана" өз алаңында Румынияның ЧФР командасын ұтты. "Ордабасы" өз алаңында Грузияның "Торпедо" командасынан басым түсті. Ал "Тобыл" болса бірінші ойында түзде "Женесспен" тең ойнады.


massaget.kz
12 шілде 2019 ж. 30 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам