Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "Қайсар" қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

"Қайсар" қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында талдықорғандық "Жетісу" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академияның стадионында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 75-минутта грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе соқты. 

Айта кетейік, бұл "Қайсардың" қатарынан екінші жеңісі болатын. Өткен турды Стойчо Младеновтің командасы Александр Марочкиннің соққан голының арқасында "Шахтерді" жеңген еді. 

Осылайша "Қайсар" әзірге ел біріншілігінде жеңілмеген екінші команда атанып отыр. Биыл әлі жеңілмеген команданың екіншісі "Қайрат". Алматылық ұжым 15 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді. 
23 тамыз 2020 ж. 587 0