Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол: «Астана» елордада «Ордабасыдан» басым түсті

Футбол: «Астана» елордада «Ордабасыдан» басым түсті

Бүгін футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 4-туры мәресіне жетті.

Төртінші турды «Астана» мен «Ордабасы» клубтары түйіндеді.

Командалар биыл бас жүлдеден үміткер саналады. Алғашқы үш турда «Ордабасы» ұпай жоғалтқан жоқ. Турнир кестесінде алдыңғы орынның бірінде тұрды. Ал «Астана» үш ойында жеті ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтаған еді.

Кездесу барысында командалар бірден шабуылға көшті. Қос клуб тарапынан гол соғатын мүмкіндіктер аз болған жоқ. Десе де ойынның бірінше кезеңінде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде елордалық клуб екі гол соғып кетті. Олардың қатарынан Марин Томасов 64-минутта мергендік танытса, 72-минутта шымкенттік командадан Мамаду Мбодж автогол авторы атанды.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда ақтаулық «Каспийден» 3:1, «Қызылжар» «Атыраудан» 4:0, «Ақсу» өз алаңында «Мақтаралдан» 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, «Шахтер» мен «Қайрат» «Жетісу» мен «Тобыл» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді алдағы тур ойындары 8 сәуір күні өткізіледі.

02 сәуір 2023 ж. 152 0