Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстандық футболшының голы Еуропаның үздіктері қатарына енді

Қазақстандық футболшының голы Еуропаның үздіктері қатарына енді

Қазақстандық футболшының голы Еуропаның үздік голдары қатарына енді. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) өз парақшасында жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің Лихтенштейн қақпасына соққан голы UEFA-ның "сенсациялық голдар" тізіміне енді.

Ұйым сарапшылары қазан айындағы ұлттық құрамалар арасындағы матчтарда соғылған ең әсерлі голдарды анықтап, үздік 4-тікке енгізді.
Ғалымжан Кенжебектің алыстан бағытталған дәл соққысы көрермендер мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан-Лихтенштейн кездесуінде қос голды соққан болатын.
UEFA шолушылары бұл соққыны "жылдам шешім мен тамаша техника үйлескен сәт" деп атады.

Қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде футболшыны кеңінен қолдап, оның жетістігін ұлттық құраманың тарихындағы ерекше сәттердің бірі ретінде бағалады.

Еске салсақ, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейн командасын ойсырата жеңген еді. Сенімді жеңіспен аяқталған матчның үздік ойыншысы белгілі болды.

Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com


13 қазан 2025 ж. 441 0