Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » UEFA Ұлттар лигасы: Қазақстан-Словакия кездесуіне төрешілер белгіленді

UEFA Ұлттар лигасы: Қазақстан-Словакия кездесуіне төрешілер белгіленді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші турындағы Қазақстан-Словакия кездесуінде қазылық ететін төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде бельгиялық Брамом ван Дриске бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Ромен Девийерс пен Кевин Монтени көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де белгиялық Жонатан Лардо. Сондай-ақ, төрешінің видео жөнінен көмекшісі нидерландылық Ингмар Оустром.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.

Алғашқы үш турдан кейін 7 ұпай жинаған Қазақстан бірінші орында келеді.

Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең түсті.

Қазақстан-Словакия кездесуі елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
12 маусым 2022 ж. 640 0